Сайрамда құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр

image.png

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың биылғы жылғы 27 ақпандағы «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде сөйлеген сөзінде еліміздегі 7,5 миллион ауыл тұрғынының әл-ауқатын жақсарту мақсатында перспективалы ауылдарды іріктеп, сол ауылдарда әлеуметтік саланы дамытуды, тұрғын үйлер мен жолдар салып, коммуникациялар жүргізуді қарастыратын «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруды тапсырған болатын. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биыл 15 қазанда өткен жиналыста осы мәселе бойынша нақты жұмысты ұйымдастыру керектігін атап өткен болатын. 

Осы жоба аясында Сайрам ауданында бүгінде тыңғылықты тірліктер тындырылып жүр. Мәселен, мемлекеттік бұл бағдарлама аясында Ақсукент және Манкент ауылдарын дамытуға 887 миллион теңге көлемінде қаржы қаралып, оның 493 миллион теңгесіне білім мен мәдениеттің және денсаулық сақтау саласының нысандары күрделі жөндеуден өтуде.

Жобаның негізгі мақсаты- инженерлік –коммуникациялық және көлік инфрақұрылымын дамыту. Сөйтіп, осы   арқылы ауыл халқының өмір сүру сапасын жақсарту оларды өңірлік сатандарттарға жеткізу болып табылады. Міне, осы бағытта  аудан Орталығы Ақсукентте де   лайықты жұмыстар атқарылуда. Осының негізінде   қазір мұнда  салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған спорттық нысандар бой көтеруде.

Мұндағы салынып жатқан  құрылыстардан бөлек,  тағы да спорттық үш нысан күрделі жөндеуден өткізілуде. Оған жалпы құны  33 миллион 403 мың теңге қарастырылған. Олардың бәрінде де жергілікті тұрғындар тартылған. Құрылыс жұмыстары тамыз айының соңында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар,  аудан орталығындағы  айбарлы Абылайхан бабамыздың ескерткіші орналасқан орталық саябақ та биыл күрделі жөндеуден өткізілмек. Көптен бері жөндеу көрмеген  алаң бұйыртса,  биыл қайтадан халықтың сүйікті мекеніне айналмақ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ордабасы: Абаттандыру жұмысы қарқынды
  • Ордабасы: Жұмыспен қамту жүйелі түрде жүргізілуде
  • Ордабасы: Агроөнеркәсіп саласы өркендеуде
  • Ордабасы: Өзекті мәселелер шешімін таппақ
  • Ордабасы: Мал басы артты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер