Сайрам: Шағын кәсіп - экономиканың негізгі құрауышы

Шағын кәсіпкерлік – елдің әлеуетті тірегі

Шағын кәсіпті қолдау бүгінде еліміз үшін аса ұтымды болып отыр. Себебі Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасында» көрсеткендей экономиканы дамыту үшін өзімізде бар ресурсты пайдалана отырып отандық өнімді арттыру өте тиімді.

Осы тұста Сайрам ауданында да кәсіптің осы түрін дамыту мақсатында жүзеге асырылып жүрген тірліктер біршама. Мәселен ауданда биылғы жылы 498 азаматтың бизнес идеяларын қолдау үшін мемлекет қазынасынан 276764,0 мың теңге қаржы бөлініп, есіпті жылдың 7 айында 245 азамат 135504,0 мың теңге қаржы көлемінде мемлекеттік грантпен қамтылып өз кәсіпкерліктерін ашты. 

Атап айтқанда: 268 азамат мал шаруашылығын дамытуға үлестерін қосса, 2 азамат алған қаражатын өнер кәсіп саласына бағыттап, 1 азамат сұлулық салонымен, 1 азамат жылыжай көкөністерін өндірумен айналысуда. 

Облыс әкімінің ағымдағы жылдың 1–ші және 2-ші маусымындағы №1-55 және №1-57 санды хаттамалық тапсырмаларына орай, ауданымызда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында өз кәсіпкерліктерін тапшылатып суару әдісін дамытуға бағыттаған отбасыларды мемлекеттік грантпен қамтамасыз ету қолға алынып, жоспарға сәйкес 200 отбасының (оның ішінде: АӘК алушылар қатарынан 120 отбасы, және арнайы кәсіпкерлік оқу курстарынан өткен 80 отбасы) бизнес идеяларына мемлекеттік грант қаражатын ұсыну көзделіп отыр.

Еске сала кетейік, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражаты - қажетті еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құстарды сатып алу үшін нысаналы мақсатта пайдаланылса, тиісінше тұтынушылық мақсаттарға, кредит қарыздарын өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдердің өндірісіне және жалдау ақысы ретінде берілмейді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ордабасы: Абаттандыру жұмысы қарқынды
  • Ордабасы: Жұмыспен қамту жүйелі түрде жүргізілуде
  • Ордабасы: Агроөнеркәсіп саласы өркендеуде
  • Ордабасы: Өзекті мәселелер шешімін таппақ
  • Ордабасы: Мал басы артты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер