Ұлттар татулығы - экономикалық дамудың негізі

image.png

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының негізгі бағыты елдің ынтымағы мен бірлігінде. Қазақстан көп ұлтты мемлекет болып саналады. Тәуелсіз елдің орнатқан қағидалары да сол бейбітшілік пен тыныштықтың аймағындағы құрған заңды ережелер болып табылады. Осы ереженің сақталуы жаппай, ақ-қара деп бөлмей баршадан бірдей талап етіледі. 

Түлкібас ауданында 29-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Осыған орай аудан әкімі Нұрлан Байғұт достық пен татулықтың мекеніндегі аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, аудандық өзбек, түрік және славян этномәдени орталықтарының төрағаларымен төрайымын қабылдады.
Кездесу барысында ұлтаралық татулықты сақтаумен, өзге ұлт өкілдерімен бірге ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып, насихаттап жүрген кеңеспен этномәдени орталықтарының жұмысымен танысты.
Қазіргі таңда, Түлкібас ауданында 112 599 адам бар. Соның ішінде: қазақтар – 92632 (82.3%), әзербайжандар – 6696 (5.9%) өзбектер – 5772 (5.0%), орыстар – 5532 (4.9%), басқа ұлттар – 1997 (1,9 %) құрап отыр.
Басқосуда аудан тұрғындары арасында карантин режимі қатаң сақталу қажеттігі және қоғамда талқыланып жатқан әр бір мәселе қараусыз қалмай, заң аясында әділ шешім қабылданып, ескерілуі тиіс екені айтылды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауданда мониторинг жүргізілді
  • Түлкібас: Орталықтандырылған кәріздік жүйе жаңарады
  • Қазығұрт: Егіс алқаптарында жұмыс қызып тұр
  • Түлкібас: Кәсіпкерлік ауданды алға ілгерілетеді
  • Түлкібасты жергілікті өндіріс көлемін арттыру әлеуметтік-экономикалық маңызы бар мәселелердің бірі.
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер