Жаһанды жаулаған індет ауыл шаруашылығына зиян келтірмейді

image.png

Қазақстанда биылғы жылдың 16 наурызынан бастап ел президенті Қасым Жомар Тоқаевтың бұйрығымен COVID 19 вирусының өршуін болдырмау мақсатында төтенше жағдай енгізілді. Осындай зұлмат кезеңде ел болып, жұрт болып жұмыла әрекет еткеніміз, төтенше жағдай режимін қатаң ұстанып, заңға бағыну аса маңызды болып отыр.  Дегенмен тіпті осындай жағдай ел экономикасын көтеріп отырған ауылшаруашылығына салдарын тигізбеуі қажет. Бұл міндет қазығұрттық шаруалардың жіті қаперінде. Ауданда мемлекеттік қолдаудың арқасында агроөнеркәсіпке бет бұрғандар қатары артып отыр. бұл өз кезегінде жеміс ағаштары мен бақша дақылдарының көлемін ұлғайтуда. Диһандар жиын –терім жұмыстары жоспарға сай өз уақытысында басталады деп отыр.

Қызылдихан елді мекеніндегі 5 гектер жерге 8 түрлі жеміс ағаштары мен бақша өнімдерінің ұрығы себілді. Ауылдағы  Илаш ата шаруа қожалығында да қазір қызу жұмыс жүріп жатыр. Дихандар егістік алқабына өнім көшеттерін баптауда.

"Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауында аграрлық салаға ерекше көңіл бөлінеді. Тиімді тәсілдерді кеңінен қолдану жайы да үнемі назарда. Мұндай жаңашыл бастамаларды шаруалар да мақұл көріп отыр. Аудан әкімдігі де көмек қолын созуға әзір", - «Илаш ата» шаруақожалығының төрағасы Тоқтамұрат Хасанов.

"Күндіз-түні шаруа қожалықта 15 ке жуық ауылазаматтары тынбай еңбек етуде.   Мұнда қазіргі таңда 4000-ға жуық жеміс ағашы бар. Дәруменге бай өсімдіктерден жазға қарай өнім алу жоспарланып отыр", - деді Төлеген Телғараев, Қазығұрт ауданының әкімі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әлмерек Жаншықұлы және оның өнегесі» атты жыр мүшәйрасы
  • Ерекше балаларға ерекше қолдау керек
  • Жетісайда өнертапқыштар сайысты өтті
  • Ата-аналар үшін тренинг өтті
  • Сайрам ауданында оқушылардың іріктеу пікірсайысы өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер