Қариясы бар елдің – қазынасы бар

На изображении может находиться: 1 человек, стоит и на улице

Қазақстанда биылғы жылдың 16 наурызынан бастап ел президенті Қасым Жомар Тоқаевтың бұйрығымен COVID 19 вирусының өршуін болдырмау мақсатында төтенше жағдай енгізілді. Осындай зұлмат кезеңде ел болып, жұрт болып жұмыла әрекет еткеніміз, төтенше жағдай режимін қатаң ұстанып, заңға бағыну аса маңызды болып отыр. Ел басына күн туғанда көмекке мұқтаж жандарға қол созып жүрген қолы ашық азаматтар елімізде аз емес.

Бүгінде Қазығұрт ауданында жомарт жүректі азаматтар қайырымдылық шараларына белсене қатысуда. Мысалы, әлеуметтік қолдауға зәру отбасыларға көмек көрсету үшін Қазығұрт ауданындағы бірқатар үкіметтік емес ұйым белсенділері және мешіт жамағаты қайырымдылық шараларын өткізді.

Естеріңізде болса біз алдыңғы хабарламаларымызда "Бір адамның жаққан отына, мың адам жылынады" атты тақырыппен Қазығұрт ауданы, Жігерген ауылы округі, "Ардагерлер кеңесі" жанынан құрылған "ӘЖЕЛЕР АЛҚАСЫНЫҢ" елдегі белең алған жағдай әжелерді де бей-жай қалдырмағанын айтып, баршасы бірігіп бірлік көрсетіп, өз қаражаттары есебінен елдің амандығын ойлап, тау қопарар тасқынның да кішкентай тамшыдан басталатынын ескерген әжелер қауымы, осы індеттің жойылуы жолында кішкене болсын өз үлесімізді қосайық деген ниетте 500-ге тарта бетперделер тігіп, ауыл тұрғындарына (әлеуметтік тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларға, қарт адамдарға) тегін үлестіргені жайында, алдағы уақытта әжелер тағы да 500 бетперде тігіп жалпы санын 1000-ға жеткізіп, бұл бастама жалғасын табатындығы жайында мәлімет жариялаған болатынбыз. 

Міне, сол әжелер қауымы, елдің алдындағы аманатына адал қарап, уәделерін орындап, тағы да 500 бетперде тігіп ауыл тұрғындарына таратты. Осы жолда ерінбей ел үшін еңбек етіп, әжелердің жанынан табылып, көмек қолын созып жүрген, "ЖІГЕРГЕН ЖАҚҰТТАРЫ" мен "ERÚDIT" еріктілер клубтарының мүшелеріне, қашанда жүзінен мейірім шуағы төгіліп тұратын, бүгінде көпке үлгі болып жүрген әжелерімізге ауыл тұрғындары атынан алғысымызды білдіреміз. Сіздердің де отбасыларыңызға амандық тілейміз. Өмір жастарыңыз ұзақ болып, ғасырдың куәсі болыңыздар!

Қазіргі кезең нағыз өле жегенше, бөле жейтін кез. Жаны жайсаң, жомарт азаматтардың қайырымды ісі кімнің болмаса да көңілін жібітері анық. Қиын-қыстау кезеңде бірін-біріне қол ұшын созу қазақтың қанына сіңген қасиеті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әлмерек Жаншықұлы және оның өнегесі» атты жыр мүшәйрасы
  • Ерекше балаларға ерекше қолдау керек
  • Жетісайда өнертапқыштар сайысты өтті
  • Ата-аналар үшін тренинг өтті
  • Сайрам ауданында оқушылардың іріктеу пікірсайысы өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер