Түлкібаста мамыр айында 120 пәтер табысталады

image.png

Жаңа үй, жаңа қуаныш... Дәл осы қуанышқа биыл түлкібастық 120 отбасы иеленгелі отыр. Жуырда 100 мыңға жуық халқы бар ауданда 120 пәтерден тұратын тұрғын үй ел игілігіне берілмек. Мұндай жаңалық, әсіресе, мынау қазіргі кездегі індет деп ұнжырғасы түскен халық үшін аса құуанышты хабар болмақ.

Бүгінде Түркістан облысы Түлкібас ауданында үй кезегінде тұрған тұрғындарды баспанамен қамту ісі жыл санап жанданып келеді. Соның айғағы ретінде ауданда алдағы мамыр айының аяғында 120 пәтерлі көпбатты 3 тұрғын үй ел игілігіне берілмек. Аталған үйлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Түлкібас ауданының орталығы Т.Рысқұлов ауылына қарасты Бағыспаев пен Пушкин көшелерінің қиылысында бой көтеруде.
Қазіргі таңда 2019 жылдан өтпелі болып іске асқан 7346 шаршы метрді құрайтын көпқабатты 3 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталған. Дәл қазіргі уақытта аталған үйлерді газ құбырына қосу жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан бөлек, Түлкібас ауданына қарасты Састөбе кентінде 64 пәтерлі 1 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары қарқынды жалғасуда. Бүгінгі таңда жұмыстардың 40 пайызы іске асқан.
Айта кетерлігі, өткен жылы аудан әкімдігі тарапынан 21 көпқабатты үй құрылысына құжаттар толық дайындалып, қаржы қарастыру мақсатында облыстық тиісті басқармаға ұсынылған. Егер бұл ұсыным қолдау тапқан жағдайда биыл Састөбе кентінен көпқабатты 4 үй, Бақыбек мөлтек ауданынан 7 үй, Түлкібас кентінен 10 үй бой көтеретін болады.
Айта кетейік, бүгінде Түлкібас ауданында 112 мыңнан астам халық тұрады. Соның 2066-сы үй кезегінде тұр. Сол азаматтардың өтінішін қанағаттандыру мақсатында аудан аумағында көпқабатты тұрғын үй құрылысы кезең-кезіңімен жоспарлы түрде жүзеге асуда.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әлмерек Жаншықұлы және оның өнегесі» атты жыр мүшәйрасы
  • Ерекше балаларға ерекше қолдау керек
  • Жетісайда өнертапқыштар сайысты өтті
  • Ата-аналар үшін тренинг өтті
  • Сайрам ауданында оқушылардың іріктеу пікірсайысы өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер