«Жастар жылында» Жастар аллеясы салынып жатыр


71648209_1115079992215625_3199027775344214016_o.jpg

Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың 125 жылдығына орай ұйымдастырылған шаралар легі Ұлы тұлғаның есімі берілген аудан орталығы Тұрар Рысқұлов ауылындағы «Тұңғыш Президент» саябағында «Ұлт тарихындағы жарқын тұлға» атты салтанатты шарамен қорытындыланды.

-Ауданымыздың 90 жылдық мерейтойына орай жөндеуден өтіп қайта жаңғырған саябақта келген қонақтарды ұлттық киімдегі 125 қыз келіншектер күтіп алып, Түлкібас ауданының брендтерінің бірі саналатын 125 себет(корзина) алма жемісінен тарту етті.

Бұдан соң келген қонақтар саябақ ішінен жастар жылына орай жаңадан бой көтеріп жатқан "Жастар аллеясының" құрылыс жұмыстары барысымен танысып, аллея аумағына Ұлы тұлғаның 125 жылдық мерейтойына орай 125 түп көшет отырғызды.

Шараға арнайы келген Түркістан облысы әкімінің орынбасары С.Қалқаманов, қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов өмірі туралы тұшымды баяндама жасап, жиналған көпшілікті мерекелерімен құттықтады,-деп хабарлады Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ, шара барысында қарымды қаламгер, жерлесіміз Мархабат Байғұт атамызда мінбеге көтеріліп, ыстық лебізін білдірді.

Салттанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: «Жастар жылында» Жастар аллеясы салынып жатыр