Емханаға тіркелу науқаны басталды

 2019_04_16_1-1-800x445.jpg


Елімізде келер жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мен кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде қызметтер көрсетілетін болады. Айта кетерлігі, 15 қыркүйектен  бастап  15 қарашаға дейін  елімізде  емханаға тіркелу науқаны басталды. Биыл тіркеу eGov электронды үкімет веб-порталы арқылы жүргізіледі. Тіркелу үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша  филиалының  директоры Асхат Бейсенбаев  мәлімет берген болатын.


Филиал  директорының  айтуынша, кепілдендірілген медициналық көмек пакеті бойынша  қызметтерді Бастапқы медициналық-санитарлық көмек халықты тіркеумен айналысатын емханалар мен клиникалар көрсетеді. Яғни,  учаскелік терапевт, педиатр, жалпы практика  дәрігері, фельдшер, тіркелген емханадағы медбике сынды мамандар қызметінен тұрады. Бұған: профилактикалық екпелер мен скринингтер; жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балаларды дәрігерлік бақылау; созылмалы аурулар (25 топ бойынша) әлеуметтік маңызы бар ауруларды (онкология, туберкулез, ВИЧ, психикалық аурулар) динамикалық бақылау сынды медициналық қызмет түрлері жатады. Жалпы, бұл ауруларды емханадағы учаскелер деңгейінде басқаруға болады.


Азаматтардың барлығы шұғыл медициналық көмек ала алады, терапевке қаралып (созылмалы ауру асқынғанда), диагностикалық көмек, соның ішінде лабороторлық дигностикалық қызметін пайдалана алады. Сондай-ақ әр адам мамандардан салауатты өмір салты, репродуктивтік денсаулық мәселелеріне қатысты кеңес алуына болады.


 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауданда мониторинг жүргізілді
  • Түлкібас: Орталықтандырылған кәріздік жүйе жаңарады
  • Қазығұрт: Егіс алқаптарында жұмыс қызып тұр
  • Түлкібас: Кәсіпкерлік ауданды алға ілгерілетеді
  • Түлкібасты жергілікті өндіріс көлемін арттыру әлеуметтік-экономикалық маңызы бар мәселелердің бірі.
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер