Әр тонна мақтаға - 12 мың теңге субсидия

 70502806_470869286799858_6147007251879034880_o.jpg

Жетісай ауданында мақта теру науқанына байланысты семинар өтіп, оған ауданның мақта егуі шаруалары, бсқа да мамандар қатысты. 

Семинарда сөз алған аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев мақта қабылдау бекеттеріндегі таразылардың дұрыстығын бақылау қажеттігін және техникалық қауіпсіздік шараларына аса мән беру қажеттігіне тоқталды.

-Биыл мақтаның кеш егілуіне байланысты дефолиация шараларын жасауды ертерек қолға алу керекпіз.  Әрбір шаруа субсидия алуы үшін терген өнімін тек арнайы мақта зауыттарына өткізуі керек, сол кезде ғана тоннасына 12 мың теңгеден субсидия алуға болады. Зауыт басшылары да өз тарапынан шаруаларға жағдай жасауды қолға алуы тиіс,- деді аудан әкімі. 

Ал мақта зауытының басшылары алдағы жиын-терім науқанына мақта қабылдау бекеттерінің дайын екендігін, шаруаларға алдын-ала мақта теруі үшін 150 миллион теңгеге жуық қаражат берілгендігін айтты. Сонымен қатар мақта зауытының басшылары мақта бағасының Ливерпульдегі биржаға байланысты болатынын дәл қазіргі уақытта нақты бағасының шықпағанын атап өтті.

Шаруаны алаңдатып отырған ең басты мәселе-осы баға. Былтыр өңірде шитті мақтаның келісін зауыттар 170 теңгеден қабылдаған болатын.   


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Әр тонна мақтаға - 12 мың теңге субсидия