Түркістанда азық-түлік белдеуі құрылуда


 1_320_0.jpg

Түркістан облысында шаруалардың басын қосқан семитнар-кеңесте облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірдің ауыл шаруашылығындағы басым бағыттарды атап өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өмірзақ Шөкеев Үкімет тарапынан бекітілген «Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары» аясында өңірде аграрлық салаға үлкен басымдылық беріліп отырғандығын мәлім етті. Шаруалардың басым көпшілігінде су мәселесі өзекті болғандықтан, облыс әкімінің қолдауымен бүгінгі таңда кешенді жоспар аясында ағын су мәселелерін шешеу мақсатында жалпы құны 29,3 млрд.теңгені құрайтын 4 жобаны жүзеге асыру жұмыстары басталған. Жалпы аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде шаруаларға жеткізілетін ағын су көлемі ұлғайып, суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету деңгейі жақсарылмақ. Мәселен, Түркістан қаласы аумағынан радиусы 15 шақырымда азық-түлік белдеуі 2 кезеңде интенсивті технологияларды қолдана отырып және ғалымдардың сүйемелдеуімен жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда кешенді жоспар бойынша жалпы құны 63 млрд теңгені құрайтын 7 ірі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде жыл сайын қосымша 30 млрд.теңге ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, 2500 астам жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

Бұдан бөлек, азық-түлік белдеуі шеңберінде 10 000 басқа арналған бордақылау алаңын («Сити Строй» ЖШС), жылдық қуаттылығы 20 мың.тонна етті бағыттағы құс фабрикасын («Стандарт ойл» ЖШС), 500 га заманауи жылыжай кешенін (YDA INSAAT түрік компаниясы) салу жобалары дайындалуда. Жалпы бұл жобалар арқылы Түркістан қаласын азық-түлік белдеуін қалыптастырудан бөлек, жасыл белдеу жүйесі құрылып, Түркістан қаласының климатын жақсартуға, облыс орталығында халықтың өмір сүру қолайлығы деңгейін көтеруге қол жеткізілмек.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әлмерек Жаншықұлы және оның өнегесі» атты жыр мүшәйрасы
  • Ерекше балаларға ерекше қолдау керек
  • Жетісайда өнертапқыштар сайысты өтті
  • Ата-аналар үшін тренинг өтті
  • Сайрам ауданында оқушылардың іріктеу пікірсайысы өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер