«Жастар жылына» тарту


 68332586_158376995312862_8846475007224709120_n.jpg

Түлкібас ауданына қарасты Састөбе кентінің жастары жаңа оқу жылын жақсы жаңалықпен қарсы алмақ. Себебі бүгін спорт күні мерекесіне орай кент орталығынан 240 адамға есептелген «Ер Жәнібек» атындағы су жаңа шынықтыру-сауықтыру спорт кешені пайдалануға берілді. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
454 миллион теңгеге мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде Түлкібас ауданының әкімдігі мен облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы мен «ТұранСпортГруп» ЖШС-нің үш жақты келісімінің аясында соғылған спорт кешенінде бокс, дзюдо, үстел тенисі, баскетбол, еркін күрес және тағы да басқа сияқты спорт түрлерімен айналысуға болады. Келушілердің ыңғайлылығы үшін киім ауыстыруға, душ қабылдауға арналған арнайы бөлмелер және бапкерлер мен медбикелерге арналған бөлмелермен де қамтылған. 
Салтанатты жиынның ашылуында алғы сөз алған аудан әкімі Н.Тұрашбеков барша жиналған қауымды спорт күні мерекесімен және кент тұрғындарын жаңа ғимараттарымен құттықтап, ауданда спорт саласын дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
Сонымен қатар, салтанатты жиынға арнайы ат басын бұрып келген дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлы, Түркістан облысы денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қырықбаев Болат Наурызбайұлы, КСРО-ның спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Сапарбаев Махамбет Баймырзаұлы кент тұрғындарын жаңа ғимараттарымен құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді. 
Салтанатты жиын барысында Түркістан облысы денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қырықбаев Болат Наурызбайұлы аталмыш спорт кешенін соққан «ТұранСпортГруп» ЖШС-нің директоры Қамбар Есбол Әуесбекұлының иығына шапан жауып, облыс әкімдігінің тарапынан алғыс хат табыстады.
Салтанатты жиын соңында дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлы мен КСРО-ның спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Сапарбаев Махамбет Баймырзаұлы арнайы спорт кешенінің ашылу салтанатына орай ұйымдастырылған бокстан облыс біріншілігінің жеңімпаздарын марапаттады.
Бүгінгі таңда ауданда 4 мемлекеттік спорт мектептері және 1 спорт клубы халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде 1 облыстық, 3 аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектептері және 1 спорт клубы спорттың 16 түрінен 14 ауылдық округтердегі үш мыңға жуық жастарды қамтиды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқының тұрақты түрде спортпен шұғылдануы 2020 жылға дейін 30 % жеткізу керектігін айтқан болатын. Қазіргі таңда ауданда тұрақты түрде спортпен шұғылданушылар саны 29,7 % жетті. Жыл соңына дейін аудан жастары мен тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа баулу арқылы аудандағы тұрақты спортпен шұғылданушылар саның 30 %-дан асыру жоспарда бар.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әлмерек Жаншықұлы және оның өнегесі» атты жыр мүшәйрасы
  • Ерекше балаларға ерекше қолдау керек
  • Жетісайда өнертапқыштар сайысты өтті
  • Ата-аналар үшін тренинг өтті
  • Сайрам ауданында оқушылардың іріктеу пікірсайысы өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер