«Қарапайым заттар экономикасы» несие береді


 68752574_350738875859879_7916949230017576960_o.jpg

Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ауылшаруашылық саласын несиелендіру бойынша жиын өтті. Жиынға ауданның жеке кәсіпкерлері, шаруа қожалықтарының төрағалары, және ауылшаруашылық саласының мамандары қатысты. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Кездесуді Жетісай ауданы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Толыбаев жүргізді.

-Бүгінгі таңда өздеріңізге белгілі « ҚАЗ АГРО» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясы «Аграрлық несие корпорациясы АҚ» «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы несиелендіруді бастады. Бұл бағдарлама 10 000 000 теңгеден бастап беріледі. Нысаналы мақсаты мал шаруашылығына және негізгі құралдарды сатып алуға, айналым қаражатын алуға болады,- деді аталмыш корпорацияның Шымкент филиалы несиелендіру бөлімінің бас маманы Ғани Рахматуллаұлы.

Қосымша айта кететін тағы бір мәселе, несиенің мерзімі мал шаруашылығына және негізгі құралдарды сатып алуға 7 жыл, ал айналым қаражатын толтыруға 1 жыл, жеңілдік кезеңі негізгі қарызға 2 жыл, айналым қаражатын сатып алуға 1 жылға дейін беріледі.

Мал шаруашылығына және негізгі құралдар сатып алуға несие 15 пайыз, субсидияланатын көлемі мал шаруашылығына және негізгі құралдарды сатып алуға 10 пайыз, ал айналым қаражатын толтыруға 5 пайыз қарастырылған.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әлмерек Жаншықұлы және оның өнегесі» атты жыр мүшәйрасы
  • Ерекше балаларға ерекше қолдау керек
  • Жетісайда өнертапқыштар сайысты өтті
  • Ата-аналар үшін тренинг өтті
  • Сайрам ауданында оқушылардың іріктеу пікірсайысы өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер