Студенттер құрылыс алаңында

Screenshot_6.jpg  

Студенттердің жазғы уақытын тиімді өткізу мақсатында елімізде Жастар құрылыс жасағы құрылған болатын. Бүгінде Түркістан облысындағы Жастар құрылыс жасағында 1000 студент бар. Олар Түркістан қаласының құрылыс жұмысына қолғабыс етуде.  Олар тек қыш қалап, әрлеу жұмыстарымен айналысып қана қоймай, кешкі уақытта түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, шығармашылықтарын шыңдауда.

«Берен» ЖШС жүргізіп жатқан «Сырдария» тұрғын-үй кешеніне 100-ден астам жас жұмылдырылған. Олар Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ мен Шымкент қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ-нің  студенттері. Жұмыс уақытынан тыс  мерекелік шаралар ұйымдастырып, көңілді көріністер сахналауды әдетке айналдырған.

«Түркістанда басталып кеткен құрылыс кешенінде біздің де студенттеріміз үлкен үлестерін қосуда. Әрине ол министрліктің тарапынан ұйымдастыру жұмыстары, университет басшылығының тарапынан қолдау жұмыстарының арқасында биыл 120-дан астам біздің студенттеріміз құрылыс алаңдарында тікелей атсалысуда»,- дейді Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ  проректоры Нұрлан Батырбаев.

  Жасақта еңбек етіп жүрген жастың бірі Ернар сүйкіті қаласының дамуына үлес қосып жүргеніне еш өкінбейді.  Себебі мұнда күніне 8 сағаттық жұмыс.Тегін тамақ пен жатақхана қарастырылған. Студенттер 2 айдың ішінде құрылыстың қыр-сырын біліп шығады.  



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әлмерек Жаншықұлы және оның өнегесі» атты жыр мүшәйрасы
  • Ерекше балаларға ерекше қолдау керек
  • Жетісайда өнертапқыштар сайысты өтті
  • Ата-аналар үшін тренинг өтті
  • Сайрам ауданында оқушылардың іріктеу пікірсайысы өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер