Кәсіпкер боламын деген жастар тегін оқып, стипендия алады


 67288135_438033433459732_3955243633518575616_n.jpg

«Жастар жылының» аясында «Жас кәсіпкер» жобасы іске қосылды. Бұл жобаны еліміздің барлық аймақтарында, негізгі үйлестірушісі ретінде «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Жетісай аудандық филиалының Атамекен кәсіпкерлік мектебі ауданымыздың барлық қала, кенттермен ауыл округтерде өз ісін ашам дейтін азаматтарға кәсіпкерліктің алғашқы дайындық курсын және арнайы семинар-тренигтер, сонымен қатар тәжірибелік мастер класстар өткізіп, кәсіпкерлерге жан-жақты қолдаулар көрсетуде. Жобаға 18 бен 29 жас аралығындағы әрбір азамат қатыса алады.

Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталығының» хабарлауынша, осы жоба аясында жастарға білім алуға және кәсіпкерліктің түрлі әдістерін үйреніп, нәтижесінде өз ісін бастау мүмкіндік береді.
Оқу аяқтаған соң, жастарға грант алуға және бизнесті бастау үшін бастапқы капитал ретінде жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік болады.
Оқу барысы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әзірлеген материалдар, тәжірибелік жаттығулар, кейстер, нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметті жүргізуде белгілі бір түсініктер мен біліктіліктерді жүйелеуге арналған іскерлік ойындарды қолдану арқылы жүргізіледі.
Оқу мерзімі 21 күн. Жоба қатысушыларына арнайы стипендия төленіп, сертификат табысталатын болады.

Біріншіден, әрбір жасқа жаңа білім мен дағдыларды меңгертетін және де нәтижесінде жеке кәсіп ашуына көмектесетін болады.
Екіншіден, жобаға қатысқан жастар бизнес ашуға алғашқы капитал ретінде қайтарымсыз негізде 200 АЕК (МРП) немес 505 000 теңге ретінде грант беріледі. Сонымен қатар, 8 000 АЕК (МРП) көлемінде 6 %-дық негізде жеңілдетілген несиелер беріледі.
Үшіншіден, мұнда оқытудың құрамдас бөліктері қамтылып, әр стартапты танымал бизнес-тренердің жеке сүйемелдеуі қарастырылады.

Мақсаты – кәсіпкерлік қызметке NEET категориясындағы жастар, жас отбасы мүшелері, аз қамтылған көп балалы отбасы мүшелері, аз қамтылған еңбекке қабілетті мүгедектерді тарту арқылы халықтың экономикалық белсенділігін арттыру.

 

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазығұртта карантин шаралары түсіндірілді
  • Қазығұрт әкімі: Қадірлі Қазығұрт ауданының ұстаздар қауымы!
  • Түлкібас ауданында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында құрылған жобалық кеңсе өз жұмысын бастады
  • Ұлттар татулығы - экономикалық дамудың негізі
  • Кәсібін ашамын деушілерге есік ашық!
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер