Тарихи жәдігерлер ұрпаққа аманат

Screenshot_24.jpg

Өткен аптада  Түркістан облысына  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен келді. Төраға шаһардағы сапарын бабалар рухына тағзым етуден бастады. 

Алик Жатқамбайұлы мен облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев бастаған топ ЮНЕСКО-ның тізіміне енген еліміздің бағалы жәдігері, талай тарихи оқиғалардың куәгері Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне бас сұқты.  Жұма мешіті, Ясауидің 63 жастан кейін өмір сүрген Қылаует жер асты мешітін көрді. Құрылысы бүгінге дейін ғалымдарды қызықтырған Шығыс моншасын аралады. Қонақтар киелі Түркістан топырағынан археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған  жәдігерлер сақталған "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейін де тамашалады. «Қазақтың 214 хан-сұлтан, би батырлары мен игі жақсылары мәңгіге жай тапқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ортағасырлық теңдессіз сәулет туындысы ретінде туризмді дамытудағы басты нысан болғандықтан, халықаралық дәрежедегі музейге тек қазақстандықтар ғана емес, шетелдік келушілердің де қызығушылығы жыл санап артып келеді. Осы орайда, қорық-музейді дамытуға арналған жобалар мен туристік орталықты қалыптастыру және туристік бағытты дамыту сынды бірнеше мақсаттар айқындалды»,- деді Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2018-2022 жылдарға арналған қорық-музейді дамыту тұжырымдамасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырған музей басшысы Нұрболат Ахметжанов. 

Нұрболат Қадырұлы сондай-ақ, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түркістан қаласын түркі дүниесінің рухани астанасы ретінде таныту және тарихи орындардың төл келбетін сақтай отырып, жандандыру мақсатында музей аумағында жүріп жатқан жұмыстар бойынша да ақпарат беріп өтті. Экскурсоводтар  басшыларды тарихи орындарға экскурсия жүргізіп, тың деректермен таныстырды.Сапар барысында агенттік басшысы қорық-музей ұжымына алғысын білдіріп, баға жетпес тарихи жәдігерлерді көздің қарашығындай сақтау керектігін, болашақ ұрпаққа жеткізу керектігін атап өтті. 



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әлмерек Жаншықұлы және оның өнегесі» атты жыр мүшәйрасы
  • Ерекше балаларға ерекше қолдау керек
  • Жетісайда өнертапқыштар сайысты өтті
  • Ата-аналар үшін тренинг өтті
  • Сайрам ауданында оқушылардың іріктеу пікірсайысы өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер