Сүгірдің күйлері орындалды

Screenshot_9.jpg

Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің Мәдениет орталығында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының аясында «Күй құдіреті» атты Сүгір Әліұлы күйлерінің кеші өтті. Аталған шараны ҚР Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Түркістан облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырды.

Концерттің басты мақсаты ұлы тұлғаларымыз бен ұлттық өнеріміз арқылы ұлт руханиятының жаңғыруына атсалысу және жас ұрпақтың бойына ұлттық болмысымызды сіңіре отырып, төл өнерімізді насихаттау.  Облыс әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев концерттің шымылдығын ашып, құттықтау сөзін жеткізді. «Сүгірдің күйлерін кеңінен насихаттап, халық жадынан өшірмеуге бірден-бір атсалысып жүрген мәдениет және өнер адамдарының еңбегі ерен. Әрдайым өнердің биігінде болып, шығармашылықтарыңыздың дами беруіне тілектеспін!», деп лебізін білдірді. 

Түркістан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген атақты күйші, сазгер Сүгір Әліұлы туралы бүгінге дейін жазылып та, айтылып та келеді. Ол туралы Жазушы Тәкен Әлімқұлов «Телқоңыр» әңгімесін, ақын Бәтима Батырбекова «Күйші» поэмасын, жазушы Өтеш Қырғызбаев «Сүгір» романы мен «Назқоңыр» пьесасын жазды.

Бұл тағылымы мол концертте Сүгір Әліұлы, Төлеген Момбеков, Жаппас Қаламбаев, Бөрі Иса, Әлімбек Қонысбеков, Қасымбек Сарымбетов, Батырхан Рыспанбетов сынды композиторлардың күйлері, шығармалары орындалды.

Айта кетейік,  аталмыш кешті өткізуге мұрындық болған «Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі Халықаралық «Жұбановтар әуені» байқауының лауреаты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда 85 адам коронавирус карантиніне жатқызылады
  • Мектептер мен балабақшаларда тиым салынатын тағамдар
  • Көмектен кәсіпкерлер де шет қалған жоқ
  • Жапон елшісі «Жастар жылы» аясындағы шаралардың жеңімпаздарын марапаттады
  • Жырласа, жастар жырласын
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер