Өңірдегі мектептер қауіпсіз бола бастады

image.png

Түркістан облысында балалардың қауіпсіздігін күшейту бағытында «Қауіпсіз мектеп»  жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.

– Балалардың сапалы білім алуы және қауіпсіздік мәселелері әрқашан облыс басшылығының назарында. Бүгінгі күнге дейін мектептердегі  бала қауіпсіздігі өзекті проблемалардың бірі болды. Биыл осы мәселені шешу үшін «Қауіпсіз мектеп» жобасына облыстық бюджеттен алғаш рет 5,9 млрд. теңге қаражат бөлінді. Бұл бағытта білім беру ұйымдарында қауіпсіздік күшейтіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда, – деді Дархан Амангелдіұлы. 

Атап айтқанда, облыстағы 908 мектепке 7100 бейнекамера, бала саны 700-ден асатын 284 мектепке турникет, 193 мектепке 106 мың шаршы метр қоршау орнатылуда. 573 мектеп кәсіби күзет қызметімен қамтамасыз етілді. 937 (908 мектеп, 29 арнайы мекемелер) мемлекеттік білім беру ұйымының барлығына дабыл батырмасы орнатылды. 119 мектептің санитарлық-гигиеналық тораптары жаңартылды. Президенттің тапсырмасына сәйкес, 1-4 сыныптағы оқушыларды тегін ыстық тамақпен және мемлекеттік мектептердің қауіпсіздігін лицзензиясы бар күзет қызметімен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілді.

Айта кетейік, Түркістан облысында биылғы оқу жылында 1-сыныпқа 53 222  бала келді, 11-сыныпты 29 422 оқушы бітіреді. Облыста білім беру саласында 2 526 ұйым қызмет көрсетеді. 1393 мектепке дейінгі ұйымда 155 мың бала тәрбиеленуде. 2-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 98,5%-ды құрайды. Облыста жалпы 1029 мектепте 519 мың оқушы білім алады. Оның 908-і мемлекеттік болса, 121-і – жекеменшік. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әлмерек Жаншықұлы және оның өнегесі» атты жыр мүшәйрасы
  • Ерекше балаларға ерекше қолдау керек
  • Жетісайда өнертапқыштар сайысты өтті
  • Ата-аналар үшін тренинг өтті
  • Сайрам ауданында оқушылардың іріктеу пікірсайысы өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер