«Сен үздіксің!» мектеп президенттерінің аудандық форумы өтті

image.png

Созақ ауданында «Сен үздіксің!» мектеп президенттерінің аудандық форумы өтті. А.Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылған байқауға аудан мектептерінен Мектеп президенттері қатысты.

Білім беру ұйымдарында мектеп президенттерінің мәртебесін арттыру, Мектеп президентінің бастамаларын қолдау және ынталандыру мақсатында өткен шарада ұстаз бен оқушы арасындағы байланысты жақсарту, үздік идеяларын тәжірибеде іске асырушы мектеп президенттерін анықтау, оларды қолдау және мадақтау міндеті қойылды.

Сайыстың алғашқы кезеңінде оқушылар өзін-өзі таныстырды, екінші бөлімде «Мектеп президенті қандай болуы керек?» номинациясы тақырыбында видеопрезентация қорғады. Ал, үшінші бөлімде «Үздік бастама, үздік жобалар» номинациясының тақырыбына сай шығармашылық үздік бастама, жобалар көрсетті.

Қазылар алқасы оқушылардың жалпы және кәсіби эрудициясын,  сауатты, дұрыс сөйлеуін, креативтілігін, мазмұндаудың айқындылығы мен қисындылығын, ерекшелігін бағалады.

Сайыс қорытындысы бойынша Панфилов атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушысы Төрежан Гүлсезім жеңімпаз атанып, аталған форумның облыстық кезеңіне жолдама алды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әлмерек Жаншықұлы және оның өнегесі» атты жыр мүшәйрасы
  • Ерекше балаларға ерекше қолдау керек
  • Жетісайда өнертапқыштар сайысты өтті
  • Ата-аналар үшін тренинг өтті
  • Сайрам ауданында оқушылардың іріктеу пікірсайысы өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер