Сарыағаш-жылыжайдың отаны

4.jpg    

 Қазақстан бойынша жылыжай көлемінің 60 пайыздан астамы Сарыағаш ауданына тиесілі. Бұған Сарыағаш ауданының жылы климаты, сонымен бірге өнімді өткізудің тиімді жүйесінің жолға қойылғандығы әсер етіп отыр.  Жыл санап осы кәсіпке ден қойғандардың қатары артып келеді. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметі бойынша Сарыағашта жылыжай шаруашылығын дамыту мақсатында 2021 жылдық жоспар – 30 гектар болып бекітілген. Биылдың тоғыз айында көреткіш 31,0  гектарға жетіп, жылыжай жоспары 103,3 пайызға орындалып отыр.

Сарыағаш ауданынын жылыжайдың отаны деп атауға да болады. Жылыжай кешендері сонымен бірге жұмыс орны. Осы салада нәпақасын тауып жүрген азаматтардың саны жылдан жылға көбейіп келеді. Өндірілген өнімдер Астана, Қарағанды, Алматы және сонымен бірге Ресейге экспортталады. 

Жалпы, климаттық орналасу, жұмыс күші тұрғысында Түркістан облысы Қазақстандағы ең қолайлы өңір болып табылады. Облыста 71 мыңға жуық шаруашылықтар бар (бұл - республиканың 35 %). Былтырғы жылы ауыл шаруашылығы салаларын дамыту бойынша 8 облыстық, республикалық семинар-кеңестер өткізіліп, агроөнеркәсіп субъектілерін озық технологияларды енгізуге ынталандыру, ақпараттандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сарыағашта ауыл жастарының лигасы өтті
  • Бюджет қаржысын игермегендерге шара көріледі
  • Сарыағаш-жылыжайдың отаны
  • Жылыту маусымына қатысты түсіндіру жүргізілді
  • Бір алқаптан үш рет өнім алады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер