Сарыағашта ауыл жастарының лигасы өтті

9.jpg

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, 1991 жылы дүниеге келген тәуелсіздік құрдастарының ұйымдастыруымен мамыр айында басталған Қызылжар премьер лигасы аяқталды. Бұл туралы Сарыағаш аудандық жастар орталығы хабарлады.  

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Қызылжар ауылының жастарынан құрылған 14 команда қатысып, жеңімпаз командалар марапатталды

Тартысты кездесулерге толы болған лига нәтижесінде: 1-орын 1994 жылғы жігіттер (200 мың теңге), 2-орын 1991 жылғы жігіттер (150 мың теңге),  3-орын Жастар командасы иеленді (100 мың теңге)

Тартысты ойында үздік ойын көрсетіп, жеңіске жеткен командаларды Сарыағаш ауданының мәслихат депутаты Секеров Бақтияр Таймасұлы және Сарыағаш аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің басшысы Нұрғали Отаров марпаттады.

Айта кетері, былтыр халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

-Өскелең ұрпақтың спорттық және шы¬ғар¬машылық әлеуетіне аса назар аудару қажет. Қаржы тапшылығы кезінде мемле¬кет бюджеті есебінен кәсіби спорт клуб¬тарын толықтай қамтамасыз ету¬дің қажеті жоқ. Мемлекеттің және квази¬мем¬лекеттік компаниялардың бюджетінен миллиардтаған теңге тиімсіз жұмсалуда. Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет,-деп атап өткен болатын. 

Бұқаралық спортты дамыту бағытындағы осындай  іс-шаралар тұрақты түрде өткізілетін болады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әлмерек Жаншықұлы және оның өнегесі» атты жыр мүшәйрасы
  • Ерекше балаларға ерекше қолдау керек
  • Жетісайда өнертапқыштар сайысты өтті
  • Ата-аналар үшін тренинг өтті
  • Сайрам ауданында оқушылардың іріктеу пікірсайысы өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер