Ордабасылық 40 кәсіпкер кепілсіз несие арқылы кәсібін дамытуға кірісті

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасының І-бағыты бойынша сауда саласындағы және қызмет көрсету саласындағы жеке кәсіпкерлерге (жеке кәсіпкерлігін бастағанына 6 ай мерзімнен асқан) қаражат айналымын ұлғайту үшін 5 млн. теңгеге дейін кепілсіз несие беріледі. Несиенің жылдық сыйақы мөлшері 17,5 пайызды құраса, оның 6 пайызын ғана кәсіпкер төлейді, қалған бөлігі мемлекет тарапынан өтеледі. Жеке кәсіпкерден кепілге мүлік талап етілмейді, өйткені «Даму» кәсіпкерлерді қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы алатын несие қаржының 85 пайызына екінші деңгейдегі банк ұйымының алдында кепілдеме береді.

image.png

Ордабасы ауданында кепілсіз несие тәртібі барлық ауыл округ тұрғындарына жан-жақты түсіндірілуде. Қазіргі таңда кепілсіз несие алуға ниетті кәсіпкерлердің 40-ы 150 млн.539 мың 201 тг. қаржыға қол жеткізіп, кәсібін дамытуға кірісті.

Жалпы Ордабасы ауданында тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілердің саны 11 024 нысан. Осы құрылымдар бойынша жұмыспен қамтылған 15 075 адам.

2020 жылы ауданда шағын несие ұйымдары арқылы 5037 адам 3 млрд 880,1 млн. теңге несие қаржы игерді. "Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында банк несиелерін субсидиялау желісімен 8 жоба 64 млн. 763,9 мың теңгеге қаржыландырылды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 1 млрд. 429,3 млн. теңгені құрайтын 34 потенциалды жоба сүйемелденіп, 789,0 млн. теңгеге 24 жоба қаржыландырылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әлмерек Жаншықұлы және оның өнегесі» атты жыр мүшәйрасы
  • Ерекше балаларға ерекше қолдау керек
  • Жетісайда өнертапқыштар сайысты өтті
  • Ата-аналар үшін тренинг өтті
  • Сайрам ауданында оқушылардың іріктеу пікірсайысы өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер