Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіп ашушылардың саны артты

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы жалпы 8666 адамды қамту жоспарланған. 12 айда бұл көрсеткіш 10530 адамға жетіп жылдық жоспар 121,5% болып артығымен орындалды.

image.png

Мемлекет берген мүкіндікті ұтымды пайдаланып өз кәсібін бастаған жанның бірі, Әжібекова Жанар. Жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 3 айлық курсты оқып, бизнес жобасын сәтті қорғап 583 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грантқа ие болған. Қазіргі таңда ағаш өңдеу цехын құрып күнделікті тапсырыстарын алып жұмыс жасап жатыр. Мұндағы цехта сандық, жатын бөлме жихазы, балалар жихаздарын бастап тұрмысқа қажетті барлық жихаз өнімдерін жасайды. Бұрынғы жұмыссыз жан Жанардың айтуы бойынша, алдағы уақытта кәсібін үлкейту жоспары да бар.

Жетісай ауданында арнайы мамандығы жоқ жандарды қайта оқыту қазіргі таңда дұрыс жолға қойылғанның тағыда бір дәлелі. Осы курс арқылы өз кәсібін бастаған жандардың бірі, Жетісай қалсының тұрғыны Байбосын Гүлмираға кірісі аз отбасы ретінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, кейін оны Жетісай ауданы халықты жұмыс пен қамту орталығы 3 айлық қайта даярлау курсынан өткізген. Арнайы комиссияның шешімімен оған мемлекет тарапынан қайтарымсыз 555 мың теңгенің гранты берілген. Мемлекет берген қаражатты текке шашапай, қажетіне жарата білген Гүлмира тігіс тігетін машинасын сатып алып, өзінің жұмысын дөңгелетіп отыр. Қазіргі таңда Жанар Қайратқызы жетекшілік ететін "Avtomodakz" орталығында. Қазақи үлгідегі оюлы шапандар мен камзолдарды замануи үлгіде тапсырыс берушінің ыңғайына қарап тігіп беріп отырған жайы бар.

Қосымша айта кететін болсақ, Жетісай ауданы бойынша мемлекет тарапынан қолдау көріп, өз жеке кәсібін ашу мақсатында төменгі пайызбен 88 адам шағын несие алған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер