Індетке қарсы күрес қоғамдық бақылауға алынды

7.jpg

«Түлкібас– адалдық алаңы» жобалық кеңсесі  елімізде пандемияның ахуалының күрделі болуына байланысты ауруханалар мен дәріханалардағы жағдайларды қоғамдық бақылауға алынғанын хабарлайды.

Қазіргі таңда Сovid-19 коронавирустық инфекциясымен күресте қабылданған шаралар мен дәрі-дәрмектер бағасының шекті бағадан аспауы, облысымыздың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі бойынша мониторингтік жұмыстар жобалық кеңсенің басты назарында.

«Түлкібас – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі халыққа медициналық көмек көрсетуде ашықтықты және олардың баршаға бірдей қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында облысымыздағы инфекциялық, карантиндік және провизорлық стационарлардағы бос орындар саны туралы ақпаратты апта сайын жариялайтын болады.

Осы орайда аталған ақпараттар жөнінде сұрақтар туындаса жобалық кеңсенің +77476695079 нөміріне қоңырау шалу арқылы немесе Whatsapp қосымшасы арқылы байланысуға болады.

Айта кетейік, Түркістан облысы коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бойынша "сары" аймаққа енді. 18 шілдедегі жағдай бойынша өңірде COVID-19 ауруының 176 жағдайы тіркелген. Осы және басқа да маңызды мәселелер облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте қаралды. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовтың айтуынша, қазіргі уақытта 958 адам коронавирустық инфекциядан емделуде, оның ішінде 916 адам инфекциялық стационарларда, 42 адам карантиндік стационарларда және 158 адам үй карантинінде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Олимпиада жүлдегерлері - Сарыағашта
  • Ордабасы ауданында қысқы мал азығы қоры дайын
  • Қыстан қысылмай шығу үшін...
  • Олимпиада жүлдегері-Ордабасыда
  • Халық санағына белсенді қатысуға шақырды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер