Қазығұрт мал азығымен толық қамтамасыз етіледі

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандлық филиалының Аграрлық секторды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

image.png

Күн тәртібіне сәйкес, аудан аумағындағы құрғақшылықтың алдын алу, мал азығмен қамтамасыз ету мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық аыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Қалдыкөзовтың есебі тыңдалды.

Ауданда ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер көлемі 275 296 гектар болса, соның ішінде жайылым - 133 634 га, шабындық жер көлемі - 30 902 га. 23 820 гектар жерге ескі жоңышқа жайғастырылған. Жалпы жоңышқа алқабының 5210 гектары (үй іргелік жермен қосңанда) суғармалы алқапта орналастырылған. Ағымдағы 2021 жылы 4850,2 гектар жерге жаңа жоңышқа егілді. 

Аудан мал азығымен толық өзін қамтамасыз етуге қауқарлы.

Бүгінгі таңға межеленген 299,9 мың тонна мал азығының 203,2 мың тоннасы жиылып үлгердік. Яғни меже 67,8 пайызға орындалып отыр.

Атап айтар болсақ; пішендеме - 3,0 мың тн («Қарқын - 2030» ЖШС), табиғи шөп - 110,0 мың тн, жоңышқа 80,1 мың тонна және сабан 10,1 мың тонна бастырылып жиналды. Мал азығын дайындау жұмыстарын жалғасуда.

Жалпы аудан аумағында ауыл шаруашылығы саласында мал азығын дайындау бойынша жұмыстар тиісті түрде атқарылып келеді. Қоғамдық кеңес отырысының қорытындысымен тиісті шешім қабылданып, шешім жауапты бөлімге жолданып, атқарылып жатқан жұмыстар партиялық бақылауда болып, тұрақты түрде мәлімет алынып отыратын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әлмерек Жаншықұлы және оның өнегесі» атты жыр мүшәйрасы
  • Ерекше балаларға ерекше қолдау керек
  • Жетісайда өнертапқыштар сайысты өтті
  • Ата-аналар үшін тренинг өтті
  • Сайрам ауданында оқушылардың іріктеу пікірсайысы өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер