Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы

Шымкент қаласында Республика күнін тойлау басталып кетті. Мереке қарсаңында қалалық Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл-тәуелсіздік символы» атты байқау өтті. Басты мақсат-мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.

Screenshot_26.jpg

«Мемлекеттік тіл - тәуелсіздік символы». Осындай тақырыппен Шымкентте этнос жастарының қатысуымен қалалық байқау өтті. Республика күніне арналған іс-шараға орта мектеп мұғалімдері мен туризм басқармасының мамандары қатысты. Олар қазақша сөз сөйлеп, қазақ мәдениеті мен дәстүрін дәріптеді.

Соңғы жылдары елімізде мемлекеттік тілді үйренуге, оны қолдануға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда. Мектеп пен жоғары оқу орындары ғана емес, кәмелетке толған әрбір қазақстандықтың тіл меңгеруі үшін арнайы оқыту орталықтары жұмыс істейді. Бұл орайда қазақ тіліне деген қызығушылық танытқан өзге ұлт өкілдері де жыл санап артып келеді. Мәселен, №48 жалпы орта білім беретін мектебінің ұстазы Мафтуна Сейдова  байқау туралы естіген сәттен бірден қатысуға өтінім беріп, дайындыққа көшкен. Қазақ тілін бала кезінен жетік білетін ол тіл сайысына қуана-қуана қатысуда. Оның айтуынша, қазақ тілін үйренемін деген адамға ең бірінші ниет керек. Ал, басты мақсаты қазақ тіліне деген құрметін, махаббатын көрсету, көпшілікке үлгі болу. Мұндай байқаулар жиі ұйымдастырылып тұрса деймін. Өйткені біз қазақ тілін, әдет-ғұрыптарымызды және салт-дәстүрлерімізді жетік меңгергенімізді көрсете аламыз. Мен өзім қазақ тілін түсінемін, еркін сөйлесемін дейді ол.

– Байқаудың мақсаты мемлекеттік тілімізді жетік білетін жастарды қолдау. Қолдап одан соң деңгейін жоғары көтеру. Және де мемлекеттік тілді қолданудың аясын кеңейту. Бұл жерде басымыдық этносқа беріледі. Этнос өкілдері қатысуда. Байқаудың мақсаты этнос өкілдері мемлекеттік тілді білуін, деңгейін анықтау, – дейді тілдерді оқыту – әдістемедік орталығының директоры Гүлмира Жанысбекова. 

Жалпы, қалалық тіл байқауы үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең «Жұлдызды сәт» үміткерлер өз өнерін көрсетуі керек. Ән айтады, би билейді, мәнерлеп көркем сөз оқиды. Ал, екінші кезеңде қатысушылар Отан, ел, туған жер туралы мақал-мәтелдерді жалғастырды. Шешуші сайыста салт-дәстүр, белгілі тұлғалар бойынша мәліметтер айттты. 

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді азаматтарды ынталандыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу  мақсатында ұйымдастырлған байқауға аудандар арасынан іріктеліп өткен, мемлекеттік тілді жетік меңгерген 21-35 жас аралығындағы этнос жастары қатысты.

«Жұлдызды сәт», «Сөздің көркі», «Ой толғау-ой ұшқыры» тақырыбында бақ сынасқан сайысқа түскендер ән шырқап, би билеп, қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін дәріптеді.

Қазылар алқасының шешімі бойынша І, ІІ, ІІІ орын алған жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, қатысушылардың барлығы алғыс хаттармен марапатталды.

Байқауды ұйымдастырушылар атап көрсеткендей, кең байтақ Отанымызда бір шаңырақ астында тұрып жатқан әрбір қазақстандық мемлекеттік тілде сөйлеп, жаза алса – бүкіл әлемге қазақ тілінің кең құлашты әлеуетін таныта алғанымыз. Сонда ғана күнделікті өмірде қазақ тілінде сөйлесу мәдениеттілік пен зиялылықтың белгісі болып қабылданып, жастар арасында жоғары мәнге ие болады;  ата-бабадан мирас қасиетті тілге жасаған нағыз қамқорлығымыздың жарқын көрінісі деген осы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Страницы истории шымкентского городского драматического театра
  • Русский драматический театр Шымкента: источник знаний и нравственных ценностей
  • Кошкар ата: целебные родники древнего мавзолея
  • Маршрут по «пушкинским местам» Шымкента
  • Городище Шымкент: частичка древней истории посреди мегаполиса
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер