Бибігүл Иманғазинаның «Бибі-сана» трилогиясындағы «Назым» атты романы

image.png

Бибі-Сана романы өмір үшін күрестің символы. Бұл шығарма қазақ әйелінің күрделі тағдырын, өмірлік қиындықтарға мойымай, өз орнын табуға талпынған жанның хикаясы.

Автор қазақ қоғамындағы әйелдің орны, махаббат пен жауапкершілік, ата-ана аманаты, бір адамның тағдыры,  өмірдің қиын сынағына түсен адамның өмір жолы жайлы. 

Бұл роман – Бибі ананың өзі көрген, жүрек көзімен өткізген, қазақтың күрескер қызының, анасының,  яғни күрес үшін жаралған жанның өмірбаяны жайында. Шығарманың құнды болуының себебі оқырманды жалықтырмайды. Бұл романды жасы оқыса да, кәрісі оқысада кейіпкердің кейіпіне кіріп оқиды. Романның бір қыры болған оқиға негізделіп, қазіргі дәуірді шынайы көрсете білуінде. 

Романның басты идеясы – адам өміріндегі шынайы бақ, адалдық, рухани тазалық, адамгершілікті сақтай білу.  Жалған сезімге алданып, шынайы өмірден алыстамау, өз болмысыңды жоғалтпау,  сенім мен сабыр романдағы басты қағида. Өмірде қандай шындық болмасын адам  өзін жоғалтпау керектігін көрсетеді. 

Назым романы – нәзіктік пен рух мықтылығының тоғысы. Назым сырттай қарағанда нәзік, бірақ ішкі жандүниесі өте берік кейіпкер. Ол махаббат, отбасы, қоғам арасындағы қақтығыстарда өз болмысын жоғалтпай, өз жолын табуға тырысты. Оның ішкі жан арпалысы арқылы біз шынайы әйелдік тағдырын көреміз. Өмірде бәрі бірдей болмайды. Махаббат  та, үміт те, сатқындық та қатар жүреді. Бірақ ең бастысы өзіңе деген сенімді жоғалтпау. Бұл роман – психологиялық сипатқа жақын шығарма, өйткекені бүкіл қозғалыс Назымның ішкі әлеміне, сезімдеріне, ой-арпалысына құрылған. 

Романның өзі атын айтып тұрғандай басты кейіпкер – Назым. Назым ата-анасынан ерте айрылды. Әкесі соғыста қаза болып, анасы көрші ауылдағы әйелі өлген жігітке куйеуге шығып кетеді. Кішкентай Назым әжесінің қолында қалады. Әжесінен ата- анасын сұрай берген Назым жылай-жылай көзі ілініп ұйықтап кетеді. Жаз шықса қыста, қыс шықса жазда келеді анаң деп алдаусыратып күн кешеді. Құдайдан жатса-тұрса «осы немеремді  бәлиғат жасқа жеткенше ғұмыр бере гөр мен сорлыға деп тілейді».  Алайда Назым әжесінен де айрылып жалғыз қалады. Ауыл ақсақалдарының ұйғарымымен Назымды бір ағайыны асырап алмақшы болады. Бірақ Назым айтқанынан қайтпай  мектеп жанындағы балалар үйіне барып оқуын жалғастырады.

Алғашқы жылдары әжесін жоқтап зар еңірейтін Назымға қасындағы тұлымы желбіреген қыздар да азан-қазан болысатын. Күміскүл деген қатқан қара қыз Назымды унемі үйіне шақырады. Бірақ Назым ешкімнің үйіне бармайды. Осылайша күндер мен айлар, жылдар ауыр болса да сырғып өтіп жатты.

Бұл жерде кіп-кішкентай қыздың өжеттілігі, қиындыққа тап болса да таңдауды өзі шешіп тұрғанын  көруге болады.

  Назым он беске толды. Күміскүл тасыған хаттың соңы махаббатқа ұласып,Тайжан мен Назым бір-бірін ұнатып, кешкі серуенге шығып, сырласып жүреді.  Ал Күміскүлдің арманы он жылдықты бітіре салысымен қалаға оқуға кетіп, біржолата сол жақта қарасын батыру. Көрмегенім ауыл болсын дейді. Себебі әкесінің бір қолы шолақ, соғыстан ерте оралып, жесірлерге қырғидай тиген сойқандардың бірі, ал қарабасын қорғай алмайтын ынжық анасынан көңілі қалғаны қашан. Күміскүл мен Тайжанның әкелері немере ағайын. Тайжан өнерпаз суретші бала. Алматыға оқуға түскелі Назымға үзбей хат жазып тұрады.Бірақ бұлардың махаббатына Болғангүл араша түсіп, Тайжан маған үйленбесе өлемін деп, өзіне қол жұмсайды.  Ауруханада жатқанда Тайжан барып Болғангүлге үйленетінін айтып оны жұбатады. Екеуі үйленіп, болған мән-жайды Күміскүл Назымға жайып-салады. Осылайша Тайжан мен Назым екі жақа кетеді.

Назым мен Аяған би алаңында танысады. Бір-бірін ұнатып, отбасын құрады. Аяған шәкірттерін де жұмысын да отбасында жақсы көрді. Өзінен бақытты адам жоқ.  Дүниеге кішкентай, тәп-тәтті Назгүлдері келді. Аяған мектепте мұалім, Назым кешкі оқуға түсіп оқуын оқып жүр. 

Бір күні Назым Күміскүлдің бір жігітпен қарқылдап күліп сөйлесіп тұрғанын байқап қалады. Күміскүлді сүйетін болу керек, күйеу жігіттің тұла бойы өте сәнді. Сол күннен бастап Күміскүлге қызыға қарайтын болды. Күміскүл де өздері сияқты пәтер жалдап тұрады, ауруханада медбике болып жұмыс жасайды. Назымға Күміскүл бұрынғыдан да жақындай түсті. Ақыры Күміскүл суыртпақтап сырын айта бастады. Анау күнгі көргенің әшейін базда меңгеруші ғана. Жақында бір мықтымен таныстым – деп екуіне де таныс адамның атын атады сыбырлай. Күйеуіммен ажырасқаныма өкінбеймін, сенемісің. Түк те өкінбеймін- деп күлім қақты. Айтпақшы сенімен бір мықты азамат танысқысы келеді. Мені қайдан біледі екен? Ол кім өзі? – деп таңданды Назым. 

-Аты Төкен. Сені біледі, білгенде қандай! Білмесе ол саған қалай ғашық болады? 

Ғашық деген сөзді Күміскүл оңай айта салды. 

Назымның жүрегі әндетіп қоя береді».

Осы сәтте Күміскүлдің Назымның жеке өміріне араласып, жеңіл өмірге бағыт-бағдар беріп, байлыққа оңай жетудің жолдарын айтып, шынай өмірден шатастыра бастайды.

Әлі де еркектерге ұнайды екенмін, жұмыстан басқа ештенемен ісі жоқ Аяғаннан не қызық көріп жатырмын. 

Ал кешкісін әлгі еркекпен шампан ішіп отырып та іштей өзін-өзі ақтаумен болды. Енесі Айғаным да келінііне сенбейтін болды. Назымның жүрісі жиілей түскен сайын Айғанымның шыдамы таусылсада, ашуын ақылға жеңдіріп іштей тынып жүр. Ертеңіне беті-аузы ісініп тұрған келініне үндемеді. Жас қой, есі кірер, қыздарын жетім қалдырып екеуін ажыратқанда тағы қандай келінге тап келетінімді бір құдай білсін дейді.

Аяған мектептен өте кеш қайтады. Есіктен кіре сала

-Апау, Назым әле сабақтан қайтпағаны ма? деп сұрайды. Ал Айғаным мұңды көзін баласына көрсетпеуге тырысады. 

-Аяқастынан кешкі оқу дегенді шығардыңдарғой. Әйел адамға соның не қажеті бар? Сен де шашбауын көтеріп болмадыңғой.

-Апа, әр адам өзіне ұнайтын іспен айналысу керек. Кешкі техникумда оқып жүрген жалғыз сіздің келініңіз емес қой.

Осы Күміскүлдің ажыраса сала бала –шағасын әке-шешесіне апарып тастағанында түсінбеймін. Алатын айлығы белгілі, сонша қымбат киімге ақшаны қайдан табатынына таңым бар, - деп Назымның енесі айтады. 

Аяғанға талай  адамдар Күміскүл мен Назымды әр жерде жиі көретіндерін жеткізіп те үлгерген еді. Аяған қанша көңіл аудармайын десе де ішінде бір түйткіл жүретін. 

Өзі бақытты бола алмаған Күміскүл құрбысының да отбасын бұзу мақсатында құрбысын мейрамханаға шақырады. 

-Ақырғы кездесу ғой, мейрамханаға барайықшы.

-Жарайды деп келісіп, Назым күлімдеп құрбысын құшақтайды. 

Жұмыстан келген Аяған күндегі әдеті бойынша көк қақпаға қағылған пошта жәшігіндегі газет-журналдарды алып жатқанда, жерге көкшіл конверт сусып түсті. Жазуы таныс емес. Конверттің ішіндегі қағазға үңілді. Жанындай жақсы көретін, өзің періште санайтын Назымыңың бүгін көңілдесімен қалай сайраңдайтынын көзіңмен көргің келсе бүгін «Қарлығаш» мейрамханасына тез жет! Сәлеммен саған жанашыр біреу, - деп  Күміскүл құрбысына ор қазады. 

Аяған межелі жерге барып, Назымды көріп бір қадам кейін шегініп, қатты толқып қарап тұрды. Назым бірдеңе деп сыңғырлай күліп еді, әлгі жіігіт қолынан сүйді. Олар мейрамханаға кіріп жайғасты. Артынша кіріп барған Аяған қолына не түссе соны Назымға қарай лақтырып, отырыстың шырқын бұзды. Төрт-бес жігіт Аяғанның қолын қайыра ұстап милицияға тапсырды. Басынан аққан қан бет-аузын жуып кеткен Назымды жедел жәрдем ауруханаға алып кетті. Ал Күміскүл сол күйі төбесін көрсетпеді. 

Сол күннен бастап Назымның бақытсыздығы басталған екен. Тек оны Назым сезбеді. 

Слушай! Сенің күйеуің шешесімен қызын алып көшіп кетіпті деген Күміскүлдің сөзіне не сенерін не сенбесін білмейді, мүмкін емес, мүмкін емес деп бір орында тұрып қалды. 

Құдайым-ай басың жас емеспе, енді күйеуге шығатын болсаң кімге шығарыңды білетін боласың, Аяғандай жігітті балшықтан ақ жасап аласың деген де Күміскүлдің жағасынан ала түсті. 

Міне айрандай ұйып отырған отбасының шырқын бұзып, Назымды одан бетер аяған жоқ. 

Назым енді Төкенмен бірге өмір сүріп жүр. Өмірі иығына іліп көрмеген асыл киімдер мен асыл тасты алтындар ғана көңілін бір сәтке алдарқатады. Жегені алдында, жемегені артында. Бірақ Назым ол өмірдің бақытын сезінбеді. Тәтті қызын Назгүлін сағынып, сағы сынып қоя берді. Назгүлім аман болсыншы деп іштей құдайдан жалбарынып сұрайды да қояды. 

 Назым, осы саған таңғаламын. Өмірі еркек көрмегендей Төкеңе жапысып қалдыңғой, анда-санда жас жігіттермен де ойнап күлмеймізбе? Деп Күміскүл өз пайдасы үшін бас дәрігердің орынбасары белгілі хирург Хайдармен таныстырады. Назым құрбысының жақсы хабарына шынымен қуанды. Ақыры ары, ұяты, намысы тапталып Аяғаннан айрылғаннан кейін Төкеннің көзіне шөп салмай жүргеніне тіпті өкініп те қалғандай. Төкен, Хайдар мен Назымды тауып алып жазаларын береді. Назымды үйіне әкеліп қамап ұстайды. Төкеннің ашуы басылғандай болады. 

«Әйтеуір бір ұйықтайсың ау» Шынында өзін қорлаған адамнан кек алмай қоймауды кім үйретті екен? Әлде жетімнің кекшіл болатыны... әлде өмір өзінше тәрбиеледі ме? 

Жексұрын! Осындай дүниеқоңыз, пасық, ұяттан үш күн бұрын туған адамның қасында жанды қуыршақ болып, бес жыл бойы бар жастығымды сарп еттім ау! - деп барлық бөлменің терезесін қымтап жауып шығып, үйдің ішіне өрт қойып, өзі қашып кетеді.

Тұла бойын қорқыныш билеген Назым қайда кетіп бара жатқаны белгісіз пойызға мініп кете барады.

Осылайша Назымның қалған өмірі бөтен ауылда жалғасады. Ауылда дүкенші болып жұмыс жасап жүріп, өзімен тағдырлас бір жігітпен тұрмыс құрып, талай тағдырдың тауқыметіне шыдап, ұлды-қызды болады. Назымның сырты ғана бүтін, іші түтін екенін ешкім білмейді. Бір күн Назгүлін есіне алмай көз ілген емес. Адам баласына айталмайтын шер мен мұң өз дегенін істеп бақты. Жүрегі ауырады, көзі ілініп кетсе де, ғұмырына жететін бар бақытсыздықты басына үйіп-төгіп кеткен Төкен түсінен шықпайды. Күйініш қасіретін дәл өңіндегідей қайтадан басынан кешіп, ышқына арпалысумен болады. Бірнеше рет бастырылып айқайлап жатқанында күйеуі әзер оятып алған. Енді ұйқымды қандырып алармын деген Назым сол жатқаннан оянбаған күйі о дүниеге аттанып кете барды.  

Қандай жағдай болмасын үміт үзбеу керек. Өмір күрес. Ал адам сол күрестегі жауынгер. Әйел заты тек нәзіктік емес, ол рухтың мықтылығының белгісі. Өз жолыңды табу үшін, ішкі дауысыңды тыңдау керек. Ал күрестен шаршамаған жан жеңіске жетеді.

Абай атындағы қалалық орталық кітапхана 

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы 

Толеманова Гульназ

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бибігүл Иманғазинаның «Бибі-сана» трилогиясындағы «Назым» атты романы
  • Шымнан шуақ
  • Тіл – ұлттың рухани негізі
  • Сахнадағы сот пен сезім
  • Оқу залы – өмірдің сабырлы сабағы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер