ОБЛЫСТЫҢ ЖАС ӨНЕРПАЗДАРЫ "БАЛДӘУРЕН" КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ


IMG-20190601-WA0083.jpg

Түркістан қаласындағы "Жеңіс" саябағында 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балдәурен» концерттік бағдарламасы өтті.
Түркістан облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық Мәдениет және халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған мерекелік шараның ерекшелігі сахнадағы өнерпаздар тек жасөспірімдерден құралды. Өңіріміздің барлық аудан, қалаларынан келген жас дарындар патриоттық және балдәурен балалық шақ жайлы белгілі композиторлардың әндерін шырқап, би биледі.
Шараға "Қалқанқұлақ" фильмінің басты рөлін сомдаған «Балапан» телеарнасының үздік актерлері Әділхан Нұриман мен Сіргебай Ерсұлтан  Батырхан Дәуренбектің сөзіне жазылған Қанат Қалқатайдың «Қалқанқұлақ» әнін орындап, көрермендердің ықыласына бөленді.
Балалар қуанышына арналған шараның мақсаты  - Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев жариялаған «Жастар жылы» аясында дарынды балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау көрсету, оларды отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу, қолдау көрсету және аудан, қалалардағы мәдениет үйлері мен клубтарда даярланып жатқан жас дарындарды таныту, үлкен сахнада тұсауын кесіп, қала халқына мерекелік көңіл - күй сыйлау. Сондай-ақ, жас өнерпаздар арасында облыстық, республикалық байқауларда топ жарып жүрген жүлдегерлер де бар.

IMG-20190601-WA0072.jpg"Жеңіс" саябағындағы «Балдәурен» концерттік бағдарламасын тамашалауға 5000-нан аса қала қонақтары мен тұрғындары жиналды. Шара барысында ертегі кейіпкерлері киімін киген театр әртістері балалармен бірге ойын ойнап, қиял - ғажайыптар әлеміне бойлатса, бүлдіршіндерге арналған аттракциондар да балғын балаларды шат-шадыман күйге бөледі.
-"Немерелерімді алып, концерт тамашалауға келдім. Балалардың қуанышты жүздерін көріп, ерекше әсерге бөлендім. Бүлдіршіндерге арналған қандай тамаша әндер бар. Бәрі қосыла шырқап, бірге билеп қуанып жүр. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Балаларымыз дәл осындай бақытты сәтке мәңгілік бөлене берсін. Жүздерінен қуаныш кетпесін!",- деді Ұмсынай Кадирова есімді әже.

Түркістан облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Фильм арқауы – шекарасыз махаббат
  • «Mecenat.kz» әдеби байқауының III маусымы ашық
  • Tashenev Unіversіty жастарға үміт сыйлайды
  • Шымкентте "Жоғалған жұрпақ" қойылымының премьерасы өтті
  • «Тәуелсіздік ұрпағы» және «Жас волонтер» жобалары аясында марапаттау кеші өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер