Оқушылар дәретханаға далаға барып жүр

туалет.jpg

Қазақстанда дәретханасы далада орнатылған мектептердің 60 пайызы Түркістан облысында. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рахымбек Жолаев мәлімдеді, деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі.

жолаев.jpg

– Республика бойынша дәретханасы далада орнатылған 2352 мектеп бар болса, соның 60 пайызы Түркістан облысында орналасқан. 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін барлық мектептердегі ішкі дәретханалар қалпына келтіріліп, сыртқы дәретханалар санитарлық талаптарға сәйкестендірледі. Мектептерге түгел қоршаулар қойылады, – деді Рахымбек Қуатбекұлы.

Басқарма басшысының айтуынша, өңірдегі 900 мектептің 98 пайызында бейнебақылау жүйесі орнатылған. Жыл соңына дейін облысымыздағы мектептер бейнебақылау жүйесімен 100 пайыз қамтылмақ.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Фильм арқауы – шекарасыз махаббат
  • «Mecenat.kz» әдеби байқауының III маусымы ашық
  • Tashenev Unіversіty жастарға үміт сыйлайды
  • Шымкентте "Жоғалған жұрпақ" қойылымының премьерасы өтті
  • «Тәуелсіздік ұрпағы» және «Жас волонтер» жобалары аясында марапаттау кеші өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер