
Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа автокөліктің кілтін табыстады.
Димаш Михаилға көлікті сыйлайтынын Олимпиада-2026-да Шайдоров алтын медаль жеңгеннен кейін дереу уәде еткен. Енді Михаил Шайдоров Алматыға келгенде, Димаш Құдайберген де арнайы келіп, чемпионға автокөлік кілтін жеке өзі табыстады.
Кілт тапсыру сәтінің видеосын Димаш Құдайберген өз Instagram парақшасында жариялады.
— Мишабай, аман - есен елге жетуіңмен! Өзімнің атымнан ғана емес,сенің жеңісіңнен мерейі көкке көтерілген барша Қазақстандықтардың атынан Hyundai Palisade автокөлігін уәде еткенімдей табыстадым. Саған мықты денсаулық, күш-қуат және жаңа рекордтар тілеймін, — деп жазды Димаш Құдайберген.
Видеода Михаил Шайдоров Димашқа сыйлық үшін шын жүректен алғыс білдірді.
