Бәйдібекте "Бәйдібек би" анимациялық фильмінің түсаукесері өтті

image_750x_5b11ce632d6af.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында Бәйдібек ауданының 90 жылдығына орай "1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні" мерекесінде "Бәйдібек би" анимациялық фильмінің тұсауы кесілді. Бәйдібек ауданы, Шаян ауылындағы «Тәуелсіздік» алаңында өткен фильмнің салтанатты тұсаукесеріне аудан әкімі Б.Танагөзов, "САҚ" киностудиясының директоры Н.Паттеев, аудандағы мәслихат депутаттары мен ардагерлер кеңесінің мүшелері, мәдениет қызметкерлері мен мектеп оқушылары және балабақша бүлдіршіндері қатысты. Мерекелік басқосу барысында «Сәлем саған - Астана» шеруімен бастау алды. Ұлттық киім киген 5000 оқушыдан құралған шерушілер аудан орталығындағы көшелермен жүріп өтіп, Тәуелсіздік алаңындағы шараға қатысты. Сонымен қатар, алаңда суретшілер байқауы мен спорттық ойын түрлері ұйымдастырылды. Шара барысында «САҚ» киностудиясының басшысы Н.Паттеев Бәйдібек ауданының 90 жыддығына орай аудан әкімі Б.Төленұлына «Бәйдібек би» анимациялық фильмінің 90 күйтабағын салтанатты түрде табыс етті. Бәйдібектік көрермендер фильмінің алғашқы көрсетілімін алаңдағы лэд экраннан тамашалады. Фильмнің мақсаты-Бәйдібек баба тарихын негізге ала отырып, ұлттық тәрбиені салт-дәстүрді кейінгі жас ұрпақтар бойына сіңіріп болашақ жастарды анимациялық мультфильм арқылы патриоттық сезімге тәрбиелеу. Анимациялық мультфильмге жергілікті бюджет есебінен 13 млн 800 мың теңге қаржы қаралған. Аудан басшысы Б.Танагөзов бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Бәйдібек» кітабының авторы Еркінбек Тұрысовқа арнайы сый-сияпаттар табыс етті. Сондай-ақ, «САҚ» киностудиясының басшысы Н.Паттеев пен шараға белсене қатысқан бірқатар мектеп, балабақша ұжымына алғыс хат берілді. Шарада аудандағы мектеп оқушылары мен балабақша бүлдіршіндері және аудандық мәдениет үйі мен саз мектебінің өнерпаздары өнер көрсетті. М.Сабыр

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлы баба Бәйдібек (Өмір сүрген уақыты және тұрған жері)
  • Оқушылар дәретханаға далаға барып жүр
  • Бүгін "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейін 1500-ден аса балалар тамашалады
  • ОБЛЫСТЫҢ ЖАС ӨНЕРПАЗДАРЫ "БАЛДӘУРЕН" КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ
  • Бар мейірім - балаларға!
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер