Кітап және рухани өмір

Кітап-руxани сарқылмас қазына. ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазандағы №833 қаулысымен «24 қазан – кітапханашылар күні» болып бекітілді. Бүгінде рухани өміріміздің өзегі іспеттес ғылымды көпшілік оқырманға, ертеңгі ел тізгінін ұстар жас жеткіншек ұрпаққа насихаттауда, рухани мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз оқырманына таныстырып, табыстырушы өзіндік тұлға, ол – кітапханашы.

Screenshot_21.jpg

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы кітапханаға биыл 10 жыл толды. Ұлттың рухани мекеніне айналған әлемнің екінші ұстазының есіміне ие кітапхананың он жылдағы белесі және жетістігімен бөліскен мекеме директоры Анар ЖАППАРҚҰЛОВА  «10 жылдыққа – 10 жоба» әзірледік. Жобалар жаңа және жаңғырған жобалар деп бөлінеді. Жаңа жобаларда «Кітап. Таным. Тұлға», «Фараби оқулары», «Желідегі жобалар», «Кітапхана керуені» деген іс-шаралар бар,халықаралық және республикалық конференциялар ұйымдастырылады. Жаңғырған жобалар аясындағы «Өлкенің өнер майталмандары», «Фарабитану: ФарабКвест», «ФарабТІМЕ», «Отбасында оқу дәстүрін жалғастыру», «Кедергісіз кітап» әлеуметтік бағдарламасы, «Бір қала – бір кітап» қалалық акциясы, «Өлкенің өнер майталмандары» іс-шаралар ерекше форматта өтеді» деген болатын. 

Осы мерейтойға орай «Кітапхана – өркениет мұрасы» атты республикалық конференциясы өтті. 

Конференцияға ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы мен директордың кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы және «Республикалық жас кітапханашылар ұйымының» менторы, ҚР Ұлттық кітапханасы «Жастар кеңесінің» төрағасы Ерден Серікханұлы Кабдрашидов қатысты.

Конференция модераторы ф.ғ.к., М.Әуезов атындағы ОҚУ (Шымкент қ.) Саясаттану кафедрасының меңгерушісі Сәкен Аралбайұлы Мәжінбеков болды.

Республикалық конференция аясында ҚР Ұлттық кітапханасының айырбас-резервтік қорынан Әл-Фараби атындағы кітапханаға сыйға тартқан 2500 кітаптан кітап керуені ұйымдастырылды.

 Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек арнайы қатысып, Әл-Фараби тұлғасы жайында көсіле толғанды. 

– Әл-Фараби әмбебап тұлға, қай қырынан қарасаң да данышпан. Қалдырған шығармашылық мұрасы мен даналық еңбектері әлі де терең зерттеліп, дәріптелуі тиіс. Әрине оны Евроцентристік көзқарастағылар екінші ұстаз, бірінші ұстаз Аристотель деп жатады. Ал менің түсінігімде бірінші ұстаз – Алла тағала, екінші ұстаз Әл-Фараби. Кітап — бітпейтін байлық, таусылмайтын қазына. Баланың кітап оқығаны дұрыс екендігін білеміз. Кітап мидың көкжиегін кеңейтеді. Кітап оқыған бала арманшыл, қиялшыл болады. Кітап оқыған бала ешқашан қатігездікке бармайды» – деді. 

Осылай деген Сәрсен Құранбек, кітапхана ісіне жоғары баға беріп, Фарабтанушы Жақыпбек Алтайға шапан жапты.

Шара барысында «Әл-Фараби кітапханасы – өркениет мұрасы» бейнефильмі көрсетіліп. 

Әл-Фараби кітапханасы ғимаратының ішінің сәулеті де ерекше. Оқырмандарға қызмет көрсететін 7 бөлім, яғни оқу залы, абонемент, өнер әдебиеттері, шет тілі, мерзімді басылымдар, сирек кітаптар, «Ақерке» балалар бөлімдері жасақталған. «Әл-Фараби», «Қайырымды қала», Планетарий, аудио залдар келушілердің назарын бірден аударады. Мұндағы дамыту бөлімі әдістемелік орталық ретінде кітапханалық қызметті ұйымдастырушы, біріктіруші және жетекшісі болып саналады. Бірыңғай ақпараттық кеңістігін құру, кітапханашылардың жаңа кәсіби ойлау қабілеті мен ақпараттық мәдениетінің деңгейін көтеру де кітапхананы дамыту бөлімінің негізгі қызметі. Заман талабына сай оқырманды кітап оқуға қызықтыру жайы күнделікті талқыланатын мәселе. Сондықтан бұл бағытты жандандыратын кітапхананың саясатын қалыптастыру, кітапхананың мониторингі, аналитикалық және статистикалық қызметінің дамуын болжау, кітапхана қызметкерлеріне әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсететін бөлім жұмыс істейді.

Әрине, кітапхана қызметкерлерінің еңбегіне құрмет көрсету мақсатында кітапханашылардың төл мерекесіннің болғаны да орынды. Кітапхана қызметкерлері Гүлмира Алпысбаева, Асылзат Арыстанова ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін алғанын мекеме басшысы мақтанышпен айтты. Бұл да кітапханашылардың мерейін өсіреді, жұмысқа деген құлшынысын арттырады. Мемлекет басшысы кітапхана туралы мәселе көтеріп, кітапханашылардың жалақысын көбейтіп жатыр.

Айта кетейік, кітапхананың кітап қоры – 5200 дана. Ең көне кітап ағылшын жазушысы Вальтер Скоттың 1824 жылы автордың көзі тірі кезінде жарық көрген «Red Gauntlet» кітабы. Биыл бұл кітаптың жарық көргеніне – 200 жыл.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Страницы истории шымкентского городского драматического театра
  • Русский драматический театр Шымкента: источник знаний и нравственных ценностей
  • Кошкар ата: целебные родники древнего мавзолея
  • Маршрут по «пушкинским местам» Шымкента
  • Городище Шымкент: частичка древней истории посреди мегаполиса
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер