Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал туралы соңғы мәліметтермен бөлісті

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы соңғы мәліметтермен бөлісті.

Алексей Цой.jpg

Оның айтуынша, эпидермиялық қауіпті аймақта тоғыз өңір бар - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, қалалары және Ақмола, БҚО, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары. Олардың арасында Павлодар мен Жамбыл облыстары өткен аптаға ғана "қызыл" аймаққа енді.

Ал орташа қауіпті аймақта 5 өңір бар - Ақтөбе, Атырау, ШҚО, Алматы, Маңғыстау облыстары.

"Жасыл" аймақта Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары қалып отыр.

- Соңғы үш аптада аурушаңдық динамикасы іс жүзінде сол деңгейде қалды. Соңғы аптада сырқаттанушылықтың 2% төмендеуі байқалды, өлім деңгейі өткен аптаның деңгейіндегідей, - деді Денсаулық сақтау министрі үкімет отырысында.

Республикамызда жұқпалы ауруға шалдыққан науқастарға арналған төсек-орынның қамтылу көлемі - 42%, жан сақтау бөліміндегі төсек-орындардың қамтылу деңгейі - 28%.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Екпе аутизмді тудыра ма? Денсаулық сақтау министрі түсіндірді
  • Кәрім Мәсімовтәң зәулім үйі тәркіленді
  • Президент Әкімшілігі Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізеді
  • В городе Шымкент проведена информационно-разъяснительная работа в сфере религии
  • Тоқаев: Қытай халқы қазақ халқына ешқашан зиян келтірген жоқ, болашақта да зиян келтірмейді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер