Түркістан облысының полицейлері дөңгелек үстел өткізді

Түркістан облысының полицейлері Жаңа жыл қарсаңындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дөңгелек үстел өткізді.

image.png

Ордабасы ауданы Темірлан ауылында аудандық Полиция бөлімі қызметкерлері, Аудандық әкімшілік, Төтенше жағдай және Кәсіпкерлік палатасында мекеме қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Онда алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесі қарсаңында пиротехникалық заттар мен оларды қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, әкелу, әкету қағидаларын қатаң сақтау мәселесі талқыланды. 

Оның ішінде пиротехникалық заттар мен бұйымдарды қолдану кезінде қауіптілігін, сатып алынғаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің  қаулысымен бекітілген тәртіпте жүзеге асырылатындығы аясында тақырып кеңінен қозғалды. 

Түркістан облысының полицейлері облыс тұрғындарына отшашу мен басқа да пиротехникалық заттарды пайдаланғанда, қарапайым қауіпсіздік шараларын пайдалануды еске салады. Балалар мен үлкендер арасындағы жарақаттанудың алдын алу және болдырмау, жасөспірімдердің пиротехникалық заттарды қолданбауын бақылау, сондай-ақ пиротехникалық өнімдерді лицензиясы бар арнайы сауда орындарынан алуға кеңес береді.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Starlink Қазақстанмен ресми түрде келісімге қол қойды
  • Мәжіліс депутаты Астанада жұмыс күнін сағат 7-ден бастауды ұсынды
  • Қазақстанда жаңа Су кодексі күшіне енді
  • Егіс науқаны – 2025:жүйелі өзгерістер
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер