Шымкент: Ынтымақ-2 шағын ауданына ауыз су жүйесі тартылып жатыр

Абай ауданы аумағында орналасқан «Ынтымақ»-2 шағын ауданында ауыз су мәселесі өзекті. Мұндағы тұрғындар тіршілік нәрін күні бүгінге дейін сатып алады екен. Бір аптаға 15 мың теңге төлеп сатып ішкен 400 литр су әрең жететін көрінеді. Осыған орай, «Ынтымақ-2»  шағын ауданына су құбырын тарту үшін жобалық сметалық құжаттары дайындалып, қала қазынасынан 50 млн тг қаржы қаралған. Бүгінде мұндағы 10 көшеге су құбырлары тартылды.  Құрылыс жұмыстарын «Ахмет» ЖШС жүргізуде. Жұмыс сапасына кепілдік мерзімі 5 жылды құрайды.

8b2eb50f-6367-470c-90de-7150ba28f2a6.jpg«Бұл мұқтаждық 2021 жылдың 2-жартыжылдығына жетпей шешіледі. Сонда осындағы 3 жарым мың үй толықтай ауыз сумен қамтылатын болады»,-дейді Абай ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Тілеш. 

«Ынтымақ»-2 шағын ауданына ауыз су тарту жұмыстары мамыр айында басталған болатын. Қазірде құрылыс жұмыстары қарқын алған. Мердігер мекеме жұмысшы санын көбейтіп, ауыз су жүйесін белгіленген кестеден ерте бітіруді жоспарлап отыр. 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Қырғызстан халқының саны 7,4 млн адамға жуықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер