Шымкент: Диагностикалық орталықтағы зертхана 9 мыңнан астам азаматтан Covid-19-ға сынама алған

Шымкент қаласының  әкімі  Мұрат Әйтенов қалалық диагностикалық орталықтың жұмысымен арнайы барып танысып, медицина қызметкерлеріне пандемия кезінде атқарған ерен ебектері  мен ерлігі үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар орталықтандырылған медициналық зертхананың жұмысын жоғары бағалады.

cbaad460-bda8-4ac4-99ea-15f2b81e59bd.jpg

Аталған орталық Covid-19  эпидемиясына қарсы іс-шараларының  ішінде басым бағытта медициналық қызмет көрсеткен. Мамандар науқастардың өкпе қуысының рентген және компьютерлік томография зерттеулерін жүргізген. Ал, ПТР зертханасы жоғары сапалы зерттеу нәтижелерін қамтамасыз етеді. Мұнда Сovid-19 вирусын анықтау үшін 9350 азаматтан сынама алынған.

Сонымен қатар, Мұрат Әйтенов орталықтың электронды қызметтерімен танысып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстарды көрді. 

Айта кетейік, заманауи технологиялармен жабдықталған диагностика мекемесі 1990 жылы ашылған.  Бұл орталық диагностика және емдеудің өте жаңа, тиімді, инновациялық әдістерін қолдана отырып, консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді. 2019 жылы медициналық мекеме ҚР денсаулық сақтаудағы ұлттық сапа стандарттарына медициналық қызметтердің сәйкестігіне өңірдегі медициналық ұйымдардың ішінде бірінші болып жоғарғы санатпен аккредиттелген. Орталықта 38 медициналық мамандық бойынша, жоғары білікті дәрігерлер  кеңес беріп, 800-ге жуық диагностикалық, 6000-ға жуық зертханалық қызметтер көрсетіп келеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РАБОТА ЕСТЬ: КОЛИЧЕСТВО ВАКАНСИЙ В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТ РАСТИ
  • Ситуация с размещением пациентов в инфекционной больнице Шымкента полностью урегулирована
  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер