Түркістан: Отандық өкпені жасанды желдету аппараттары алғаш болып мақтааралға жеткізілді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен "Қазақстан Инжиниринг" АҚ-ы жасап шығарған 10 өкпені жасанды желдету аппараты республикада ең алғашқы болып Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына жеткізілді.

99874da0-7843-4fdf-ac03-cc690b0d0611.jpg

Ақмола облысы Көкшетау қаласында өндірілген отандық өнімді 2000-ға жуық шақырым жерден Мақтаарал ауданына алып келуге "Азала груп" компаниясы атсалысты. Жасанды тыныс алу аппараттары Мақтаарал аудандық "Мырзакент" ауруханасы мен "Атакент" ауруханасына табысталды.  

Айта кетейік, бұған дейін де "Азала груп" компаниясы медициналық бетперделер мен дезинфекциялық құралдарды тегін таратып, жергілікті халықтың алғысын алған болатын. 

Медицина қызметкерлері өз тараптарынан қауіпті дертпен күні-түні  аянбай күресуде. Жалпы, Түркістан облысы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 2391 жағдай тіркелген. Сауығып шыққан науқастар саны – 1674. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи ордені енгізіледі
  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер