Түркістан облысында жеңгетайлықтың 7 фактісі анықталды

Түркістан облысында 10 жеңгетай мен 30 жезөкше анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Түркістан облысында жеңгетайлықтың 7 фактісі анықталды

Түркістан облысының Полиция департаменті жеңгетайлыққа, адам саудасына және басқа да құқықбұзушылықтарға қатысты қылмыстарды ашу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара өткізді. Рейд барысында облыс аумағында жеңгетайлық пен притон ұйымдастырудың 7 фактісі анықталды. ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер моншалар мен қонақүйлерді, ойын-сауық ғимараттарын, притондар болуы ықтимал басқа да жерлерді тексерген. 

«Криминалдық полиция басқармасының полицейлері Сарыағаш қаласында 2 қонақүйден притонды анықтады. Онда жедел уәкілдер ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсеткен жеңіл жүрісті төрт қызды тапқан. Олардың барлығы Өзбекстан Республикасының азаматшалары болып шықты», - делінген ақпаратта. 

Ал, Сайрам ауданында сауна мен қонақүйден де жезөкшелер табылған. Онда жеңіл жүрісті 8 қыз анықталды. Оның біреуі Өзбекстан Республикасының азаматшасы болса, қалғандары – жергілікті тұрғындар. Притон мен жеңгетайлықты ұйымдастырған әйелдер де ұсталды. 

«Шара барысында қонақүйлер мен сауналарды жалға берген иелері жауапқа тартылып, ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабымен («Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну») хаттама толтырылды», - деді ПД-дан. 

Сондай-ақ бір-бір фактіден Мақтаарал, Қазығұрт, Жетісай аудандарында да анықталған. 

«Жалпы, рейд барысында тәртіп сақшылары 30-дан астам жеңіл жүрісті қыз-келіншек пен 10 тұлғаны «Жеңгетайлықпен» есепке алды. Барлық жайттар бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде», - деп атап өтті полицияда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ​Смена поколений в теннисе: готовы ли новые звёзды перехватить все "Шлемы" у ветеранов
  • Әлемдік жұлдыздардың концерті қазынаға 1 млрд теңгеден астам қаржы әкелуі мүмкін
  • Қазақстанда темекі тағы 12% қымбаттады
  • Түркістанда «Домбыра – дастан» іс-шарасы өтті
  • Санжар Тәшкенбай Астанадағы әлем кубогының финалына жолдама алды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер