Көркейту мен абаттандыру үшін Түркістан 32 секторға бөлінген

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласында қызу жүріп жатқан көркейту және абаттандыру жұмыстарының барысын бақылады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

62d46dc5ec1291df1a26b071fe3e487e.jpg

Осы мақсатта шаһар 32 секторға бөлінген. Әр секторға аудан, қала әкімдіктері мен басқарма басшылары тікелей жауапты. Қала аумағында ағаштар отырғызылып, абаттандырылуда. Көшелерде жарық шамдар, қоқыс жәшіктері мен тұрғындардың демалуына арналған орындықтарды орнатылған.

Кешенді жұмыс барысын бақылаған облыс әкімі жауаптыларға бірқатар тапсырмалар берді. Іс-шараның орындалуын қатаң бақылауға алу және жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыру тапсырылды. Тұрғындарға қоршаған ортаны қорғауды, қаладағы тазалықты сақтауды насихаттауды міндеттеді. Өкінішке орай, әзірге тазалық мәдениеті сын көтермей тұр.

Қалада аяқжолдар мен вело жолдар төселіп, айналасына көшеттер егілді. Демалыс орындары мен көшелердің бойына субұрқақтар орнатылып, жаңадан аялдамалар қойылған. Облыс орталығымен бірге қалыптасып, бірге бой көтерген "жасыл белдеуді" аралаған Өмірзақ Естайұлы егілген көшеттердің суарылуына аса мән беруді міндеттеді. Түркістанның табиғи тынысына айналған қаланы қоршаған жасыл аумақта бүгінде миллионнан астам көпжылдық ағаш көшеттері жайқалып өсіп тұр. Терек, қайың, қарағаш, шаған, арша, үйеңкі ағаштарын отырғызу биыл да жалғасын табады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Президенттік республика» − Конституцияда еліміздің басқару нысаны нақтыланды
  • Елде 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіріледі
  • 2040 жылға қарай ғылым қайда барады?
  • Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізген шенеунік жұмыстан шығарылады
  • Головкин Өзбекстан президентімен кездескенін сүйіншілете хабарлады (фото)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер