Шымкентте су астында қалған 5 үй қайта салынады

Шымкент қаласындағы Елтай тұрғын алабында су тасқынынан қатты зақымданған 5 үй қайта салынады. Оған қаражатты «Шымкент қайырымды қала» әлеуметтік қоры бөледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

200521194534675e.jpg

Бүгін қала әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев аталған елді мекен тұрғындарымен кездесті. 

«Әлеуметтік қордан бүгінгі таңда тиісті қаражат бөлінді. Осы аптаның соңында құрылыс жұмыстары басталады. Құрылыс компанияларына үйлерді бір жарым айда аяқтауды айттық. Бұдан бөлек, су басқан 32 үйдің зақымданғаны туралы комиссия шешім шығаратын болса, әлеуметтік қордан қалпына келтіру жұмыстарына тиісті қаражат бөлуді қарастырамыз»,- деді Б.Мамыталиев. 

Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары су кірген аулалар мен көшелерді тазарту жұмыстарының барысын тексерді. Еңбекші ауданының Елтай тұрғын алабында қазіргі таңда су толығымен тоқталып, апаттық-қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Оған Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 48 адам, 3 техника және 1 мотопомпа жұмылдырылды. 

«Өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы су басқан аула-аумақтардан, көшелерден лай мен тастарды шығарып, арықтарды жиналған қоқыстардан тазартуда. Сондай-ақ олар бүгінге дейін ұзындығы 30 метр болатын екі көше мен 48 үйдің ауласын лайдан тазартты», - деді Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінен.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясының жұмысына қатысады
  • Тұрғындар қайтарымсыз несиемен кісібін дөңгелетуде
  • Отырарда ерекше қайырымдылық жасалды
  • Емхана таңдау – тегін медицина кепілі
  • Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер