Түркістан облысында ауыл әкімдері әлеуметтік желі арқылы байланысқа шығады

Алдағы уақытта «Адал көмек» жобасы аясында өңіріміздің 16 қала және аудан әкімдері мен 181 ауылдық округ әкімдері әлеуметтік желілер арқылы байланысқа шығады. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

200520200915361e.jpg

Елде енгізілген төтенше жағдай халық пен мемлекеттік органды әлеуметтік оқшаулауға алып келді. Бұл өз кезегінде азаматтар мен мемлекеттік аппарат арасында коммуникациялық кедергілердің туындауына себеп болды. Осыған орай, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен ел аумағында халыққа құқықтық кеңес беру мақсатында «Адал көмек» жобасы іске қосылды. 

Аталмыш жоба Түркістан облысының аудан әкімдері тарапынан барынша қолдау тауып отыр. Аудан басшылары өңір тұрғындарын толғантқан мәселелерді шешу мақсатында әлеуметтік желілер арқылы «тікелей эфирге» шығуда. Мысалы, бүгін Түлкібас және Шардара аудандарының әкімдері онлайн режимде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтарға қандай қолдау көрсетілетіндігі туралы айтып, көше бойындағы жасыл желектерді күтіп ұстау және санитарлық тазалық бойынша қала тұрғындарының сауалдарына нақты жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. 

Айта кетсек, алдағы уақытта «Адал көмек» жобасы аясында өңіріміздің 16 қала және аудан әкімдері мен 181 ауылдық округ әкімдері әлеуметтік желілер арқылы байланысқа шығып, тұрғындардың сұрақтарына жауап беретін болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Департамент өкілдері және еріктілер тазалық жұмыстарын жүргізді
  • Тіл – ең асыл құндылық
  • Шымкентте «Айбары мықты – ата заң» атты дөңгелек үстел өтті
  • Мангистауские врачи и студенты пройдут бесплатное обучение и повысят квалификацию в Турции
  • ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА АВТОБУСТАР БАҒЫТҚА ШЫҚТЫ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер