Елордадан Мақтаарал ауданы тұрғындарына гуманитарлық жүк жөнелтілді

Елордадан Түркістан облысы Мақтаарал ауданына гуманитарлық жүк жөнелтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

200507095626866e.jpg

Атап айтқанда, бүгін таңертең Нұр-Сұлтан қаласынан Мақтаарал ауданына тұрғындарға қажетті заттар тиелген төрт жүк көлігі жолға шықты. 

«Мақтаарал тұрғындары үшін қалада арнайы гуманитарлық көмек дайындалды. Осы төрт жүк көлігінде 40 тонна тауар тиелді. Оның 20 тоннасы азық-түлік өнімдері. Сонымен қатар, гигиеналық заттар да жөнелтіледі», - деді елорда әкімдігінің өкілі Нұрлан Сыдықов. 

Мұнымен қоса, қала әкімдігі арнайы насостық стансаны, құрылыс заттарын, жазғы шатыршаларды, 100-ден астам керуетті, ыдыс-аяқ, сондай-ақ құтқарушыларға арналған киімдерді жеткізетін болады. Осы орайда жүргізушілер мен елорда әкімдігі өкілдері 1,8 мың шақырым жолды еңсеруі керек. 

«Жолда шамамен бір жарым тәулік жүреміз. Жүк Мақтаарал ауданына дейін жеткізіліп, сол жерде елді мекендерге үлестіріледі», - деді Н. Сыдықов. 

Айта кетейік, азық-түлік өнімдері кәсіпкерлердің қаржысына, ал арнайы жабдықтар мен киімдер ТЖ департаментімен бірлесе әкімдік дайындады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Президент Қазақстанның АҚШ-пен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады
  • Мемлекет басшысы «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысты
  • Қазақстан мен АҚШ президенттері Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлес
  • Құны 17 миллиард доллардан асатын келісімдер жасалды
  • Важная новость!
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер