Шымкент: Алты жаңа мектептің құрылысына келісімшарт түзілді

Screenshot_3.jpg

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлім етті.

- Былтыр 11-ші сыныпты 8000 оқушы бітірсе, 1-сыныпқа 24 616 бала қабылданады. Бюджет қаржысы есебінен 7 мың 20 орындық 13 мектептің құрылысы жүргізілуде (8,5 млрд.теңге). Оның ішінде 9 мектеп биыл пайдалануға беріледі. 7 мектептің жобалау сметалық құжаттамасы әзірленуде. Құрылысы келесі жылдан басталады. Сонымен қатар, жан басына қаржыландыру шеңберінде инвесторлар «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік коорпарациясымен бірлесе 10 мектеп салынатын болады. Бүгінгі таңда 5100 орындық 6 мектептің құрылысына келісімшарт түзілді. Инвеститция көлемі шамамен 8,3 млрд.теңге. Жалпы саны 89 нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары басталып, 2 мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр, - деді қала әкімінің орынбасары.

Жоғарғы демографиялық өсіммен ерекшеленетін қаламыздың өзекті мәселесіне айналған мектептердегі оқушы орындарының тапшылығы алдағы жылдарда шешілетінін жеткізген Бауыржан Жаймұрзынұлы құрылыстағы барлық жұмыстар арнайы штабта қаралып, мониторинг жасалып, тұрақты бақылауда болатынын айтты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елге келген қандастардың неше пайызы еңбекке жарамсыз
  • Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді
  • Мемлекет басшысы Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісін тағайындады
  • Ресей: Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған
  • Президент терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер