Шымкеттік жас аналар карантин кезінде баланың туылуына байланысты 900 жуық жәрдемақы рәсімдеді

Елімізде төтенше жағдайға байланысты ХҚО жұмысы уақытша тоқтатылғалы бері Шымкент қаласының 200 астам әйел жүктілік және босануына байланысты табысынан айырылу төлемін, ал 700 жуық отбасы баланың туылуына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне берілетін жәрдемақыны онлайн рәсімдеген. 

200421023408535a3640576i.jpg

Енді жүктілікке байланысты жәрдемақы бойынша өтініштерді порталдағы «Электронды өтініштер» сервисі арқылы тапсыру мүмкіндігі жасалды. 

 Декрет демалысына шыққан жүкті әйелдер egov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Электронды өтініштер» сервисін таңдап, жеке құжаты мен жұмыс істеу қабілетінен айырылу парағының скан көшірмесін және төлем аударылуы тиіс банк шотын қоса жолдауы тиіс. 

Ал, балалы болған отбасылар баланың туылуына және оның күтіміне байланысты жәрдемақыларды рәсімдеу үшін egov.kz порталының «Отбасы» – «Бала» бөлімінде өтініш толтыру қажет. 

«Цифрландыру заманында проактивті әдісі арқылы барлығын онлайн  жүйелер арқылы жүзеге асыруға болады. Оны пайдалану үшін аналар босанбас бұрын egov.kz порталының мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс.  Проактив қызметін пайдалана отырып, баланың тууын тіркеп, тиісті жәрдемақыны рәсімдеп, сәбиді балабақша кезегіне қоюға болады. Мобильді базаға тіркелген аналар ұялы телефонының көмегімен өздері аталған қызметке тапсырыс бере алады»,- деді «Азаматарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қласы бойынша филиалының өкілі Алтынай Татаева . 

Айта кетейік, порталды пайдалану үшін ЭЦҚ болуы шарт. Электронды цифрлық қолтаңбаны бүгінде порталда қашықтан рәсімдеуге болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
  • Координирующая роль в регионе во многом предоставлена именно Казахстану – политолог Эдуард Полетаев
  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района "Зелёная балка"
  • Көксай шағынауданы тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды
  • Бүгінде Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел санатына жатпайды — БҰҰ Бас хатшысы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер