Ләззат Динашева: «Ең бастысы заң баптарында еркіндік бар»

image.png

«Бейбіт шерулерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңның жобасы қайта даярланып, оны талқылау қоғамның игілігіне берілуі – биліктің азаматтық қоғамның үніне құлақ асатындығын білдіреді. Ең бастысы заң баптарында еркіндік бар. Ойыңды ашық, анық, шынайы жеткізіп әрі оның жауабын есту үшін мүмкіндік берілген. Бұған дейін қоғам белсенділері әр аймақ, әр өңірдің жергілікті талаптарына бағынып келген болатын. Бұл заңның ерекшілігі сол, бейбіт жиын өткізудің барлық аймаққа бірыңғай ережесі бекітілген. Жалпы, бұл заңның қоғамға,  адамдарға өз ойын жеткізу мәдениетін қалыптастыруға берері мол.

ЛӘЗЗАТ ДИНАШЕВА

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің "Рухани жаңғыру" және тәрбие департаментінің директоры, 

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер