Жетісайлық шаруалар бір жерден жылына 2-3 рет өнім алмақ

Түркістан облысында төтенше жағдайға қарамастан егін егу науқаны бір сәтке де тоқтаған жоқ. Әсіресе оңтүстік аудан саналатын Жетісай ауданының диқандары бір жерге екінші дақыл егу ісіне кірісіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

200420212858889e.jpg

Соның бірі - Ш.Ділдәбеков ауыл округінде тұратын Рамазан Ходжанов. Ол өз иелігіндегі 5 гектар егістік жерінің 2 гектарына ақпан айында ерте пісетін қырыққабат егіп, жуырда алған өнімінің бәрін тегіс саудалап біткен болатын. Енді міне араға күн салмай, ерте пісетін қауын егу ісіне кірісіп кетті. 

«Былтыр облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ауданымызға жасаған жұмыс сапарында бір жерден екі рет өнім алу туралы тапсырма берген болатын. Осы тапсырмаға орай біз де екі рет өнім алу ісіне кірісіп кеттік. Өйткені, біздің ауданымыздың климаты диқаншылықпен айналысу үшін өте қолайлы. Оның үстіне шаруалар үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмектер көп. Мемлекеттің өзі қолдап тұрғанда неден қорқуымыз керек. Өзіме тиесілі жеріме қырыққабат егіп, оны жинап алдым. Әрі қарай сол жерге ерте пісетін қауын егіп жатырмын»,- дейді Рамазан Ходжахметұлы. 

Жалпы аудан бойынша биыл 11361 гектар аумаққа ерте егілетін қауын мен қарбыз егілген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ТОҚТАЛДЫ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУІ МЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫН АТАП ӨТТІ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА СЫР ӨҢІРІНІҢ ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ
  • Мемлекет басшысы Вице-президент лауазымын енгізуді ұсынды
  • Система хочет купировать риски
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер