Түркістан: Биыл 6000-ға жуық отбасы баспаналы болады

Screenshot_3.jpg

Ағымдағы жылы Түркістан облысы бойынша қаржыландырудың барлық көздері арқылы 670 мың шаршы метр баспана тапсыру жоспарлануда. Бұл дегеніміз 6 мыңға жуық пәтер. Мәселен, 2020 жылдың қаңтар-наурыз айының қорытындысымен 111,2  мың шаршы метр тұрғын үй (783 пәтер) пайдалануға берілген. 

Сонымен қатар, бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру бойынша 2020 жылы облыста 30 нысанның құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 28 нысан пайдалануға тапсырылады. 

Ал, облыс орталығы Түркістан қаласында мемлекеттік бюджет есебінен кредиттік 88 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, жыл соңында оның 24-і пайдалануға тапсырылады. Бұдан бөлек, жеке салымшылар тарапынан 37 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде, жыл соңына дейін 31 үй пайдалануға тапсырылады. Жалпы облыс орталығында биыл 184, 01 мың шаршы метр, яғни 2592 пәтер пайдалануға беріледі. 

Елімізде дүниежүзілік COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу мақсатында, облыс көлеміндегі құрылыс нысандарында инфекциясының алдын алуға қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіліп, сақтық шараларының жүргізіліп жатқанына облыс әкімдігі тарапынан күнделікті бақылау жүргізілуде. Жұмысшылар тиісті барлық сақтық шараларын қатаң ұстанып жұмыс істеуде. Түркістан қаласында құрылысы тоқтаған нысандар жоқ.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер