Қазақстанда жүк көліктерінің жүруіне уақытша тыйым салынды

жук.jpg

Қазақстанда аса ауыр жүк тасығыш көліктер қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Көктемде тасжолдардың конструктивтік элементтерінің жүк көтеру мүмкіндігі төмендейтіндіктен, жеке білігіне 8 тоннадан аса жүктеме түсіретін жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Аймақтардың табиғи-климаттық ерекшеліктеріне байланысты шектеу түрлі уақытта енгізіледі. Атап айтқанда, 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында және Қарағанды облысының Жезқазған өңірінің жолдарында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі», - делінген аталған министрліктің мәліметінде.

Мұнымен қоса, 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының жолдарында ауыр жүк тасығыш көліктердің қозғалысында шектеу болады. Бірақ, көктемде қозғалысты уақытша шектеудің халықаралық келісімдеріне сәйкес, жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға қатысатын, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін, тамақ өнімдерін, жолаушылар мен қолжүгін, сондай-ақ дәрі-дәрмектер тасымалдайтын автокөлік құралдарына қатысы болмайды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бүгінде Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел санатына жатпайды — БҰҰ Бас хатшысы
  • Жарты жылда 6,7 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алған https://kaz.inform.kz/news/zhar
  • Қырғызстаннан Алтайға қар барыстары жеткізілді
  • Марат Пашимов жаңа қызметке тағайындалды
  • Руслан Желдібай: «Бағанашыл» балалар үйі Қонаев қаласына көшірілмейді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер