Шымкентте 46 әйелге тігін машинасы сыйға тартылды

корпе.jpg

Шымкентте үш күнге жалғасқан «Көрпе Fest» мегафестивалінде 300-ге жуық әйел тігін өнерін тегін үйренді. Қатысушылар этнодизайнер Ырза Тұрсынзада қызынан қолданбалы өнер бағытында кеңес алып, күрделі технологияларды меңгерді.

– Төл өнерді жаңғыртқан бұл іс-шараға Шымкенттен және аудан-ауылдардан үй шаруасындағы және көпбалалы аналар атсалысты. Бұл жетістік көңіл қуантады. Әрі қарай кәсіп ашып, істі жалғастыру керек, – деген қала әкімі барлық аналар мен қыз-келіншектерді халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

корпе-1.jpg

Фестивальде жұмыстары үздік деп танылған 46 әйелге тігін машинасы сыйға тартылды. 50 әйел арнайы сертификат иеленді. Ұлттық қолөнер мегафестиваліне қатысушылардың ең үлкені 74 жастағы алтын құрсақты ана Гүлжахан Сайпова болса, ең кішкентайы 10 жасар – Жәудір Бағдатқызы. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Департамент өкілдері және еріктілер тазалық жұмыстарын жүргізді
  • Тіл – ең асыл құндылық
  • Шымкентте «Айбары мықты – ата заң» атты дөңгелек үстел өтті
  • Мангистауские врачи и студенты пройдут бесплатное обучение и повысят квалификацию в Турции
  • ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА АВТОБУСТАР БАҒЫТҚА ШЫҚТЫ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер