Дональд Трамп жалақысын коронавируске қарсы емге аударды

АҚШ президенті Дональд Трамп бір жолдық жалақысын коронавируспен күресу үшін аударды. Чек АҚШ денсаулық сақтау министрі секретариатының атына жазылған, деп хабарлайды Baq.kz порталына сілтеме берген Rgmedia.kz. 

29_main.jpeg

Трамп 2019 жылдың төртінші тоқсанында алған 100 мың долларын коронавируспен күреске аударды. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Стефани Гришэм хабарлады. Гришем Twitter жазған постына чекті тіркеді. 

Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Трамп жалақысын дәстүрлі түрде түрлі мемлекеттік қажеттіліктерге аударып тұрады. Айта кетсек, қазір АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар 9 адамға жетті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, әлем бойынша 90 870 адам коронавирус жұқтырған. Олардың ішінде 80 304 адам Қытайда, қалған 10 566 адам 72 елде тіркелген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи ордені енгізіледі
  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер