Коронавирус Қытайдан бөлек 72 елде анықталды

Қытайдан өзге елдерде бір күннің ішінде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 792 адамға артты. Аспан асты елін есепке алмағанда, басқа елдерде 10 566 адам коронавирусқа шалдығып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Rgmedia.kz.

thumbnail-tw-20200127162520-7905.jpg

Жалпы алғанда Қытайдан тыс 72 елде 10 566 коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді. Ал соңғы тәулікте әлем бойынша 1792 адам вирус жұқтырды деп хабарлайды РИА Новости. Коронавирус салдарынан қаза тапқандар саны да артты. Соңғы 24 сағатта қытайлық вирус Қытайдан тыс елдерде 37 адамның өмірін қиды. Айта кетерлігі, коронавирус тағы 8 елде анықталды.

ДДСҰ-да хабарлағандай, аспан асты елінде қауіпті инфекция жұқтырғандар саны 80 304 адам болып отыр. Ал әлем бойынша 90 870 адам тіркелді.

Еске сала кетейік, күні кеше басылым беттерінде Оңтүстік Кореядағы Қазақстан азаматынан коронавирус анықталғаны жайлы мәлімет тарады.

Көп ұзамай бұл ақпаратқа еліміздің сыртқы істер министрлігі жауап берді.

- "Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы коронавирус жұқтырды деген ақпаратқа қатысты келесіні хабарлаймыз. Бұл ақпарат расталмаған, себебі Қазақстанның Сеулдегі елшілігінің атына корей тарапынан ешқандай да ресми хабарлама келіп түспеген", - деді ведомство.

Ал Жаңаөзен қалалық ауруханасының медбикесі мессенжерде коронавирус жайлы жалған хабар таратқаны үшін қала тұрғындарынан кешірім сұрап, арнайы үндеу жолдады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады
  • Бір палаталы Парламент: ашықтық пен әділ бәсекенің кепілі - Нұрлан Бекназаров Құрылтай туралы
  • Преамбула еліміздің тарихы тереңде жатқанын айқын көрсетеді - Бақыт Нұрмұханов
  • Айдарбек Қожаназаров: Цифрлық дербес деректерді қорғау мәселесін Ата заңымызда белгілеу маңызды болд
  • Айдос Сарым: Қазақстан жаңа дәуірге аяқ басты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер